⛅
9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Спортзал кеңейсе, нәтиже артады

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Спортзал кеңейсе, нәтиже артады
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

        Қазіргі таңда Іле ауданында спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы жолда ерен еңбек сіңіріп жүрген азаматтардың бірі – Іле аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қапар Рауанов.

    Қапар Тоқтарбайұлы 1963 жылы бұрын­ғы Нарынқол ауданының (қазір­гі Райымбек ауданы) Сарыбастау ­ауы­лын­да дүниеге келген. 1981 жылы орта мектепті бітіріп, Алматы қала­сындағы дене шынық­­тыру институтына оқуға түседі. 1985 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, өз азаматтық борышын орын­дағаннан кейін, еңбек жолын Талғар қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен жаттықтырушы ретінде бастаған. 1995 жылы Іле аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ауысып, бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Ал 2023 жылдан бері осы мектептің директоры болып еңбек етіп келеді.
    Қапар Рауановтың айтуынша, қазіргі таңда Іле аудандық спорт мектебінде 1472 бала спортпен шұғылданады. Олар футбол, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, грек-рим күресі, дзюдо, самбо, бокс, таэквондо, байдарка мен каноэде есу, ауыр атлетика, грэпплинг сынды 15 түрлі спорт түрімен айналысады. «Мектепте 52 білікті жаттықтырушы қыз­мет атқарады. Соңғы жылдары біз­дің түлектердің арасында 4 – халық­аралық дәрежедегі спорт шебері, 24 – Қазақстан Республикасының спорт шебері, жүздеген спорт шеберіне үміткер мен разрядты спортшылар тәрбие­леніп шықты», – дейді ол.
    Мектеп түлектері республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде. Мысалы, бокстан әлем кубогының жеңімпазы Кенже Мұратұлы, дзюдодан паралим­пиада жүлдегері Дәулет Теміржан, ауыр атлетикадан бірнеше мәрте Қазақстан рекордын жаңартқан Ксения Прозорова, жауынгерлік самбодан жастар арасындағы әлем чемпио­натының жеңімпазы Ильзат Асиев, самбодан жастар арасын­дағы Азия чемпионы Әбілдә Жәнібек – мектептің мақтаныштары. Сонымен қатар байдарка мен каноэде есуден, волейболдан, белбеу күресінен, таэквондодан көптеген жас спортшылар респуб­ликалық жарыстарда жүлдегер атанып, аудан абыройын асқақтатып келеді.
    Алайда жетістіктерге қарамастан, спорт инфрақұрылымының жеткілік­сіздігі аудан үшін өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі таңда үш спорт мектебіне ортақ тек бір спорт залы ғана бар. Бұл балалар саны көп аудан үшін үлкен қиындық тудырады. Кейде жарыстар ашық алаңда өткізуге тура келеді.
    – Балалар үшін кең, заманауи спорт кешендері қажет. Әр спорт түріне лайықталған жеке залдар болса, нәтиже одан да жоғары болар еді, – дейді Қапар Тоқтарбайұлы.
    Мектепте оқу толықтай тегін жүр­гізіледі, бұл – мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау. Директордың айтуынша, басты міндет – осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, әр ауылдан дарынды спортшыларды анықтау. Алдағы уақытта да әлемдік ареналарда ел намысын қорғайтын спортшылар осы мектептен түлеп ұшады деген сенім зор.
    – Жастарды спортқа баулу – ел болашағына салынған инвестиция. Осы жолда аянбай еңбек етіп, өңір спортының дамуына бар күшімізді саламыз, – дейді Қапар Тоқтарбайұлы.
    Шынында да, Қапар Тоқтарбайұлы сынды жанашыр азаматтардың еңбегінің арқасында өңір спорты өркендеп, жас ұрпақ салауатты өмір салтын таңдауда. Оның жетекшілігімен Іле ауданындағы спорт мектебі – тек қана спортшылар даярлайтын орын емес, сонымен бірге балаларға тәрбие, еңбекқорлық, отаншылдық қасиетті бойларына сіңіретін орын. Болашақта бұл мектептен шыққан әрбір жас спортшы еліміздің мәртебесін әлемдік аренада биікке көтеретініне сенім мол.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Сарыжазық сарғайып тұр

    Сарыжазық сарғайып тұр

    7 months ago
    Алматы мен Жетісу облыстарында жол сапасы тексерілді

    Алматы мен Жетісу облыстарында жол сапасы тексерілді

    2 years ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Халық сенімі бәрінен қымбат

    2 years ago
    Көркіне көз тоймас

    Көркіне көз тоймас

    6 months ago
    “Үркер-2023” ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

    “Үркер-2023” ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>