[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қайраткер мінген көліктер

    10.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Қайраткер мінген көліктер
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

        Қонаев қаласындағы «Тұлпар» ретро салонында өткен ғасырда шығарылған жеңіл көліктер мен мотоциклдер және сан алуан тұрмыстық бұйым қойылған. Белгілі кәсіпкер, меценат Мұрат Сіргебаевтың иелігіндегі ретро салондағы ең құнды жәдігердің бірі – Дінмұхамед Қонаевтың қызметтік көлігі.

    Кеңес одағындағы автоөндірістің мақта­нышы болған «Чайка» жеңіл көлігі жоғары лауазымды қызметтегі адамдар мінуге арна­лып жасалған. Осы көліктің бірін кезінде Дінмұхамед Ахметұлы да тақымдаған. Бұл көліктің Алматы қаласындағы біреудің гара­жында тұрғаны жайлы хабарды кездейсоқ естіп қал­ған кәсіпкер «Чайканы» тауып, сатып алған.
    – 1983-1986 жылдары ҚазКСР компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы мінген қызметтік автокөлікті 12 жыл бұрын бөлшек­телген күйінде сатып алдық. Есептен шығарылып, жекенің қолына өтіп, тіпті металл қалдығына айнала жаздапты. Оны қалпына келтіруге 8 ай уақыт кетті. 1977 жылдан 1988 жылға дейін автоөндіріс 1 114 «Чайка» шығарған. Оның көбін басшылар мінген. Ұзындығы 6 метр 30 сантимер болатын көлік өз заманында қол жетпес арман болғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Заманның заңғар тұлғасы мінген бұл «Чайка» – сирек кездесетін модель. Сондықтан ол біздің салондағы ең баға жетпес жәдігер саналады. Қалпына келтірілген көлікті өзге қалаларда өткен Димаш атаның құрметіне арналған іс-шаралар мен көшпелі көрмелерге апарып жүрміз. Ең бірінші рет бұдан 11 жыл бұрын 9 мамырда Бақанасқа айдап бардық. Содан бері жүріп тұр. Өзім ретро салонда болған кезімде келушілерге Д. Қонаевтың қызметтік көлігінің қолыма қалай түскенін, оны қалпына келтіру үшін жүргізілген жұмыс пен нәтижесі туралы баяндап беремін, – дейді Мұрат Сіргебаев.
    Аталған «Чайка» орналасқан ретро салон­ның төрінде Дінмұхамед Ахметұлының портреті мен оның Қапшағай су-электр станса­сының құрылысы жүріп, шаһардың іргесі қаланып жатқан тұстағы және 1992 жылы қалаға келген сапарындағы фотосуреттері ілінген.
    Ретро салонда ұлы тұлға мінген көліктен басқа оның «Қонаев» атты қызметтік вагоны да қойылған. Мұрат Амантайұлының айтуынша, бұл вагонды «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясының бас директоры Роман Ботабеков сыйлапты. 2023 жылы ретро салонға тарту етілген вагонның ашылу салтанатына қазақ киносының аңызы атанған Асанәлі Әшімов құрметті қонақ ретінде қатысып, лентасын қиған.
    Кезінде ҚазКСР шаруашылық басқар­масының қарамағында болған бұл вагон Дінмұхамед Қонаевты одақтас республикалар арасында және ел көлемінде тасымалдауға пайдаланылған. Ішінде демалыс бөлмесі, асүй, жуыну кабинасы, жолсерік пен қызметкерлердің жатын жайлары бар. Бірінші хатшының купесінде өзі пайдаланған дискілі телефон тұр. Мәжіліс залына ретро салон иесі Димаш атаның және ол туралы жазылған кітаптар мен мерзімді басылымдарды қойыпты.


    Жолаушылар компаниясы 70004 нөмірлі «Қонаев» вагонын «ҚТЖ» ҰКАҚ-нан әбден тозған, жолаушылар тасымалдауға жарамсыз күйінде сатып алыпты. Содан кейін заманауи желдеткіш, жылыту және кондиционер жүйесімен жабдықталған. Қонаев қаласындағы ретро салонға сыйға берілгенге дейін көптеген ақпараттық турда, Байқоңырға туристік тасы­малдауға, ЭКСПО-да, Алакөл саяхатында жүрген. Қайта жаңартыл­ғанымен, ретро стилін сақтап қалған. Бүгінде әйгілі вагон ретро салонның құнды жәдігерінің бірі болып тұр.
    – Мұрат Сіргебаевтың мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Қонаевқа деген құрметі ерекше екенін қала тұрғындары жақсы біледі. Өзге жұрт ол кісінің атын атауға жүрексініп жүрген кезде ұлы тұлғаның қызметтік көлігіне ретро салон төрінен орын беріп, Димаш атаға арналған мүйіс орнатқанын атап өткен жөн. Мұрат Амантайұлымен сыйласып жүргенімізге 7 жылдан асты. Екеумізді жақындастырған ретро көліктерге қызығушылық деп білемін. Өзімнің де Германияда ретро салоным бар. Мерекелер мен атаулы күндерде Қазақстанға жиі барып тұрамын. Жаңа жыл қарсаңында келіп едім, енді Дінмұхамед Ахметұлының туған күніне арналған шараға қатысып қайтуды жөн санап тұрмын, – дейді Германияда тұратын жерлесіміз Вилли Анхальт.
    Д. Қонаев мінген қызметтік көлік пен вагон, заңғар тұлғаның есімін еншілеген шаһардағы ерекше салонның басты жәдігерлері өскелең ұрпақ үшін көненің көзі саналған құнды мұра болмақ.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Ұстаз мерейі

    Ұстаз мерейі

    3 months ago
    Елдің азаттығы айқындалған күн

    Елдің азаттығы айқындалған күн

    2 years ago
    Волейболдан бақ сынады

    Волейболдан бақ сынады

    1 year ago
    Тазалық эстафетасы мәресіне жетті

    Тазалық эстафетасы мәресіне жетті

    2 years ago
    Құс фабрикасының қарқыны жоғары

    Құс фабрикасының қарқыны жоғары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>