⛅
-23°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас балуандар жетістігі

    15.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жас балуандар жетістігі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Еңбекшіқазақ ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында U17 жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасында еркін және әйелдер күресінен облыстық чемпионат өтті. Аталған жарысқа аймақтағы қала және аудандардан 200-ге жуық спортшы қатысты.

    Турнир барысында 20 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Әрбір кездесу тартысты өтіп, көбісі ең аз ұпай айырмасымен аяқталды. Бұл жас балуандар арасындағы бәсекелестіктің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
    «Дәл осындай жарыстарда Алматы облысының құрамасын жасақтау үшін ең мықты спортшылар іріктеледі. Кейін бұл құрама Қазақстан Республикасының чемпионатында және басқа да ірі турнирлерде аймақ намысын қорғайды. Еркін және әйелдер күресінен кадеттер арасындағы келесі ресми чемпионат ақпан айында Орал қаласында өтеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс құрамасы Қазақстандағы ең үздік үш команданың қатарында болды. Ал ең жарқын жетістік деп Дінмұхамед Қасымбектің Афина қаласында өткен әлем чемпионатында қол жүлдегер атанғанын айтуға болады», – деді кадеттер арасындағы еркін күрестен облыстағы аға жаттықтырушы Абылай Телтаев.
    U17 жас санатындағы қыздар арасын­да да үлгі тұтар спортшылар жетерлік. Жайдар Мұқат 2025 жылы Бахрейнде өткен Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Ал Шынайы Мәкен мен Рухия Қизат Түркияда өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды.
    Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында – Тәңірберген Ысқақ, Мадияр Әбдікәрімов, Миляз Лазгиев, Юсуф Гагалдиев, Замир Данияр, Әбдісалам Өмірбек, Әбдулалим Оңласын, Данияр Кенесары, Есенкелді Қыстаубай чемпион атанды. Ал қыздар арасында Мариям Розамова, Ақерке Ерболатқызы, Александра Шлыкова, Рашидам Абдуллаева, Шахниза Ашим, Шуақ Нұрланбекқызы, Ақерке Сәрсенбек, Малика Амирдинова, Бағжан Құрманбай жеңімпаз деп танылды.
    «Облыс чемпионаты мен үшін аса жауапты жарыс болды. Әр белдесу барынша жинақтылық пен күш-жігерді талап етті. Бұл бәсекеге ұзақ уақыт дайындалдым. Жаттықтырушыларыма алғысым шексіз», – деді еркін күрестен 45 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеген Нұрбол Ерімбет.

    Өз тілшіміз
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

    «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына 1,5 мың мектеп қосылады

    6 months ago
    Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

    Алматы облысында Ұйғыр аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті

    4 months ago
    Алматы облысында «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 42 адам грант алды

    Алматы облысында «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 42 адам грант алды

    3 years ago
    Дарынымен дараланды

    Дарынымен дараланды

    2 years ago
    Шоқан ізімен

    Шоқан ізімен

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>