Перейти к содержимому
Главная страница » Реформаның жас буынға бағдарлануы ерекше маңызға ие

Реформаның жас буынға бағдарлануы ерекше маңызға ие

Конституциялық комиссияның үшінші отырысында Айдарбек Қожаназаров көтерген бастамалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік институттарының жауапкершілігін арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандығын нақты қорғауға бағытталған. Құқық үстемдігі мен нормативтік иерархияның айқын болуы мемлекеттік шешімдердің сапасын арттырып, қоғамдағы сенім деңгейін күшейтеді.
Реформаның жас буынға бағдарлануы ерекше маңызға ие. Жастардың қоғамдық процестерге белсенді қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және қабылданатын шешімдерге ықпал етуі – елдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуының басты кепілі. Сонымен қатар конституциялық өзгерістер экономиканы, кәсіпкерлікті және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қолайлы жағдай жасап, қоғамның барлық саласына оң әсер етеді.
Қоғамдық диалог пен Халық кеңесі билік пен азаматтар арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікті күшейтеді. Әр азаматтың ел болашағына қатысты пікір айтуына мүмкіндік берілуі Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Сондықтан бұл конституциялық реформа – мемлекеттің дамуына бағытталған, стратегиялық маңызы бар бастама.

Назгүл Қалымбекова,

Шеңгелді ауылындағы Қ. Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің директоры