[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алатауда «Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы республикалық ашық бокс турнирі өз мәресіне жетті

    28.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Құқық-заң
    Алатауда «Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы республикалық ашық бокс турнирі өз мәресіне жетті
    0
    SHARES
    58
    VIEWS

    Алатау қаласында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жастар мен жасөспірімдер арасында өткен бокстан 3 күндік Республикалық ашық турнир салтанатты түрде қорытындыланды. Batyr Gum спорттық клубының ұйымдастыруымен өткен ауқымды спорт шарасы қала өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналып, жоғары деңгейде өтті.

    23–25 қаңтар аралығында өткен турнирге еліміздің әр өңірінен келген жас былғары қолғап шеберлері қатысып, өз шеберліктерін рингте дәлелдеді. Үш күнге созылған тартысты жекпе-жектер барысында спорттық рух, әділ бәсеке және жеңіске деген жігер айқын көрінді. Жарыс жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мектебі болып, олардың шеберлігін шыңдауға мол мүмкіндік берді.

    Турнирдің басты мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден алшақтатып, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру және тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу болды. Бұл бағытта жарыс «Заң мен тәртіп» жобасының негізгі идеясымен толық үндесіп, өз нәтижесін көрсетті.

    Жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына Batyr Gum спорт клубының директоры Аңсар Асамбаевтың қосқан үлесі ерекше. Оның бастамашылдығы мен жастар спортына деген жанашырлығының арқасында турнир республикалық деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

    Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Дегенмен, бұл жарыстағы ең үлкен жеңіс – жас буынның спортқа деген ынтасының артуы, салауатты өмір салтын таңдауы және тәртіпке бейімделуі болды.

    Алатауда өткен бұл республикалық ашық турнир тек спорттық жарыс қана емес, тәрбиелік маңызы зор, жастарға дұрыс бағыт-бағдар берген маңызды іс-шара ретінде есте қалды.

    Ұйымдастырушыларға, атап айтқанда Batyr Gum спорттық клубының директоры Аңсар Асамбаевқа алғыс білдіре отырып, барша қатысушыларды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз.

    Саурбаева Риза Санакқызы,

    Алатау қаласының аналар кеңесінің төрағасы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында АИТВ-ға қарсы күрес шаралары күшейтілді

    Алматы облысында АИТВ-ға қарсы күрес шаралары күшейтілді

    2 months ago
    Цифрлық шешімнің тиімділігі зор

    Цифрлық шешімнің тиімділігі зор

    2 months ago
    Өнер – ұлы құндылық

    Өнер – ұлы құндылық

    2 months ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»

    Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан жақын көршілерімен жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамытып келеді»

    1 month ago
    Қазақстан жаңғыруының жаңа кезеңі – әлеуметтік дамудың берік негізі

    Қазақстан жаңғыруының жаңа кезеңі – әлеуметтік дамудың берік негізі

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>