🌧️
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    95 жылдық белес: Мұқағали поэзиясының мәңгілік тынысы

    11.02.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мерейтой
    95 жылдық белес: Мұқағали поэзиясының мәңгілік тынысы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Биыл қазақ поэзиясының заңғар биігі, жүректің шын үнін жырлата білген ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толып отыр. Қарасазда дүниеге келген дара дарынның өлеңдерінде туған жерге деген сүйіспеншілік, адам жанының терең сезімдері мен ұлттық рух ерекше көрініс тапқан.

    Мерейтойға орай өңірде бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылып, Алматы облысының «Тіл» оқу–әдістемелік орталығында ақынға арналған онкүндік өтті. Онкүндік аясында Алатау қалалық филиалында және Ұйғыр, Қарасай аудандық филиалдарында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кездесулер, байқаулар мен әдеби кештер ұйымдастырылды.

    Алатау қалалық филиалы мен 6654 және 3660 әскери бөлімдері бірлесіп, «Мұқағали жыры – ұлттың үні» атты байқау ұйымдастырды. Байқау үш кезеңде өткізіліп, қатысушылар өлең оқып, арнау жазып, сахналық қойылымдар көрсетті. Жеңімпаздар анықталып, І орынға 3660 әскери бөлімінің сарбазы Жақыпбек Ерсұлтан, ІІ орынға 6654 бөлімінің сарбазы Құралбек Рахым, ІІІ орынға 3660 бөлімінің сарбазы Жумадулла Нұрхан ие болды. Басқа қатысушылар да алғыс хаттармен марапатталды.

    Ұйғыр аудандық кітапханасында өткен «Жырлайды жүрек» атты әсерлі кеште аналар кеңесі, ардагерлер ұйымы және Ұйғыр аудандық филиалының қызметкерлері бас қосты. Кешке ақынның көзін көрген Даулетбеков Ноғайбек Хансенұлы мен оның жиені Қаппасов Серік қатысып, жүрекке жылы естеліктерімен бөлісті. Аналар кеңесінің төрағасы Сартолова Рая орындаған «Саржайлау», «Есіңе мені алғайсың», «Сәби болғым келеді» әндері тыңдарманның көңілінен шықты. Қатысушылар ақынның өлеңдерін оқып, поэзия әлеміне терең бойлады.

    Қарасай аудандық филиалы «Мұқағали – поэзия падишасы» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараны филиал меңгерушісі Жанар Өмірзаққызы ашып, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, журналистер одағының мүшесі, Қарасай ауданының құрметті азаматы, ұстаз Көсемова Аклима Рахымбердіқызы сөз сөйледі. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар беріліп, тыңдаушылар «Сарыжайлау» әнін орындап, өлеңдерін мәнерлеп оқып, тақырыпты жан-жақты ашты.

    Мұқағали – қазақтың жаны, мұңы мен қуанышын өлеңге айналдырған ұлы тұлға. Оның әрбір жыры – халқымен бірге мәңгі жасайтын асыл мұра, ұрпаққа рух берер шынайы сөз. Ақын рухы мәңгілік, жыры – жүректерде.

    Ақжарқын Бейбітқызы, 

    Алматы облысының 

    «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының 

    бөлім басшысы

    Ұсынымдар

    Агросала ажарын айқындайды

    Агросала ажарын айқындайды

    4 months ago
    Су тасқыны ахуалы туралы жедел ақпарат

    Су тасқыны ахуалы туралы жедел ақпарат

    2 years ago
    Алматы облысында екі аудан әкімі сайланады

    Алматы облысында екі аудан әкімі сайланады

    2 years ago
    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

    2 years ago
    Қауіпсіздікті сақтау маңызды

    Қауіпсіздікті сақтау маңызды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>