-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында еліміздегі ең ірі логистикалық хабтың іргетасы қаланды

    26.07.2023
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы
    Алматы облысында еліміздегі ең ірі логистикалық хабтың іргетасы қаланды

    фото: Жұмабай Мұсабеков

    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қарасай ауданында Қазақстандағы ең ірі логистикалық кешен – «Ozon» халықаралық маркетплейс орталығының құрылысы басталды. Елтай ауылында аталған нысанның ресми іргетасын қалау рәсімі өтіп, болашақ қойма кешенінің құрылыс алаңында елде жоқ ірі жоба таныстырылды.

    Жобаның жалпы құны – 70 млрд теңге. Ауданы 300 мың шаршы метр болатын логистикалық хаб 2028 жылы толықтай іске қосылады деп жоспарланып отыр. Аталған кешен Елтай ауылындағы «Ақсеңгір» солтүстік теміржол стансысында орналасады.

    Мұнда сыйымдылығы жылына 100 мың вагон кіріп-шығатын заманауи контейнерлік терминал және 300 мың шаршы метрден асатын «А» сыныпты әмбебап тауар қоймасы, «Логистикалық парк» инвестициялық жобасының құрылысы жүзеге асырылады.

    Бұдан бөлек, бұл жоба жергілікті кәсіпкерлерге тауарларын сату үшін тек Қазақстан аумағында ғана емес, шетелде де жаңа нарық көздерін табуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 1-ші кезеңнің құрылысына 15 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған. Құрылысқа және жоғары технологиялы құрал-жабдықтар сатып алу және өндірісті автоматтандыруға арналған ІТ-жүйесін орнатумен қоса есептегенде алғашқы кезеңде жалпы сомасы 25 млрд теңге жұмсалмақ.

    Кешен 500 гектар жерге орналасады. 1-кезеңнің құрылысы соның 90 гектарында жүргізілмек. Алғашқы кезеңнің өзінде мұнда 750 жұмыс орны ашылады. Ал жоба толықтай іске асқанда 2 мың адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

    Нысанның алғашқы іргетасын қалау рәсіміне Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлы қатысып, ірі логистикалық кешеннің Алматы облысының аумағында орналасуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етерін атап өтіп, жергілікті атқарушы билік тарапынан жобаға қатысушы компанияларға алдағы уақытта да жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

    Ал инвесторлар жобаны облыс басшылығының қолдағанына, газ, электр қуаты, сумен қамтамасыз ету сияқты қажетті инфрақұрылым мәселелерін шешуде көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді. Айтуларынша, жаңа логистикалық нысанның іске қосылуы «Ozon» компаниясының Қазақстан ішінде жеткізу географиясын кеңейтіп, сонымен қатар аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашады. Сонымен қатар салық түрінде бюджет қоржынына 5 миллиард теңге түспек.

    Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында «Ozon» компаниясының ТМД және Таяу шығыс елдеріндегі операциялар және даму жөніндегі директоры Алексей Сапон, осы компанияның Қазақстандағы бас директоры Мөлдер Рысалиева, нысан құрылыстарын жүргізуші серіктес ұйым «BAZIS» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Александр Якубович, «Focus Logistics» компаниясының бас директоры Диас Айтқалиұлы еліміздегі ірі жобаның мәні мен мазмұнын жан-жақты әңгімеледі.

    Ресми бастау алған құрылыстың 1-кезеңі келесі жылы аяқталмақшы. Бизнестің дамуына қарай 2-кезеңін 2025-27 жылдары, ал 3-кезеңін 2028 жылы мәресіне жеткізу көзделген. Елімізде сатушылар мен тұтынушылардың маркетплейс қызметіне деген сұранысы өсіп келеді. Аталған ірі нысанның Алматы аймағында іске қосылуы онлайн-тапсырыс берушілер үшін клиентке тауар жөнелту, қабылдау, жеткізу, қоймада сақтау, жөнелтілім қалыптастыру сияқты қызметтердің толық үрдісін қамтамасыз етеді.

    Айта кетейік, «Ozon» компаниясы 2021 жылдан бері өңірде логистикалық инфрақұрылымды дамытуға қаржы салып келеді. Компанияның Астана мен Алматыда екі фулфилмент-орталығы, 100-ден аса тапсырыс тарату қосыны жұмыс істейді. Компания басшылары осы жылдың соңына қарай мұндай қосындардың санын мыңға жеткізуді жоспарлап отырғандарын айтты.

    Серік Сатыбалдиев,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілік танытайық

    Жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілік танытайық

    1 year ago
    Тойын ана тағылымы

    Тойын ана тағылымы

    1 year ago
    ҰЛТ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСКЕН

    ҰЛТ ТАРИХЫМЕН ҮНДЕСКЕН

    2 months ago
    Белсенділік танытты

    Белсенділік танытты

    10 months ago
    ТОКИОДАҒЫ СӘТСІЗДІКТЕН КЕЙІН

    ТОКИОДАҒЫ СӘТСІЗДІКТЕН КЕЙІН

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>