⛅
15°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Солдатсайдағы сайыс

    03.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Солдатсайдағы сайыс
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Райымбек ауданы Сарыжаз ауылдық округінде шаңғы жарысы өтті. Аталған шара осы ауылдың азаматы, шаңғы спортынан облыстың 16 дүркін чемпионы, Президент кубогының жүлдегері Жанболат Сұлтанғазиевтің 60 жасқа толған мерейтойына арналды.

    Жанболат Абайұлының негізгі мамандығы – орманшы. Жоғары оқу орнын бітірген соң, кіндік қаны тамған Аспантау өлкесінде мамандығы бойынша қызмет етіп келе жатқанына 37 жылдың жүзі болды. Өз ісінің жетік білгірі, табиғат жанашыры. Таулы өлкенің өңін ашып, әрін кіргізетін орманды алқаптардың орынсыз оталып, жөнсіз кесілуіне жол бермей келе жатқан Нарынқол орман шаруашы­лығы қызметкерлерінің еңбегін қалай мақтаныш етсе де орынды. Жанболаттың өз ісіне деген жауапкершілігі мемлекет тарапынан да лайықты бағаланып келеді. Ал шаңғы спорты – ес білгеннен бергі айнымас серігі.


    Шаңғы жарысына бұл күні Райымбек, Кеген, Еңбекшіқазақ аудандарынан 2010-2016 жылы туған оқушы ұл-қыздар және 20-40 жасқа дейінгі ерлер және әйелдер арасында 100-ге жуық спортшы қатысып, мерейтой иесі тағайындаған жүлделерді бөліске салу үшін ақ қар үстіндегі 1,5-3 шақырымдық қашықтықта баптары мен бақтарын сынады.
    Жарыстың салтанатты ашылуында алғашқы сөз тізгінін ұстаған Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Дидар Мұқаметжанов мерейтой иесіне деген ақжарма тілегін былайша жеткізді:
    – Құрметті қонақтар, қадірлі спорт­сүйер қауым! Бүгін біз Солдатсайда ерекше әрі тағылымды шараның куәсі болып отырмыз. Ауданымыздың мақтанышы, бірінші дәрежелі орманшы, шаңғы спортының майталманы Жанболат ағамыз – еңбек пен спортты қатар алып жүрген, табиғатты қорғау мен салауатты өмір салтын насихаттауды өмірлік ұстанымына айналдырған азамат. Бүгінгі жарыс – тек бәсеке ғана емес, құрмет пен дәстүр сабақтастығының көрінісі. Сондықтан барша қатысушыларға жарыс жолында сәттілік, әділ бәсеке мен жарқын жеңістер тілеймін.
    Дидар Нұрболұлы мерейтой иесіне аудан әкімінің ыстық сәлемін жеткізіп, Алғыс хатымен марапаттады. Бұдан кейін сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Самат Мүсірбаев, республикалық Қазақ орман орналастыру КММ бас директоры Наурыз Айдабосынов, «Нарынқол орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары Данияр Өтегенов, ҚР Еңбек сіңірген орманшысы Бекболат Алтаев, аудандық мәдениет және спорт, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Азат Исадін, Кеген аудандық шаңғы спортының басшысы Олжас Садықов мерейтой иесіне ыстық ықыластарын арнады. Жанболаттың әкесі Абай қария баласына құрмет көрсете келген барша жанға алғысын айтып, ақ батасын берді.
    Салтанатты жиыннан кейін көп күттірмей, жарыс та басталды. Бас төреші Ерлік Маратов көпшілікті жарыстың ережесімен таныстырды. Аяқтарына шаңғы байлаған жүйріктер жас ерекшеліктері бойынша шеберліктерін көрсетіп, көбік қардың үстінде желмен жарыса жүйткіді. Қай-қайсысы да белгіленген қашықтықты көзді ашып-жұмғанша-ақ артқа тастап, мәре сызығын бірінші болып кесуге тырысты. Барлығы да осынау тартысты бәсекеге жоғары дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Төрт-бес сағатқа созылған дүбірлі дода күнді екінтіге аударып барып аяқталып, жеңімпаздар да анықталды. Командалық есеп бойынша Сарыжаз орманшылығының шаңғышылары бірінші, Қақпақ орманшы­лығының шаңғышылары екінші, Текестік орманшылар үшінші орындарды өзара бөлісті. Жеңімпаздардың бәріне мерейтой иесі тағайындаған кубок пен диплом, Мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
    Қорыта айтқанда, Солдатсайда өткен дода – тек мерейтойлық шара ғана емес, аудан спортының өрісін кеңейткен, жас буынға жігер сыйлаған тағылымды іс-шара болды. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауданда шаңғы спортының дамуына тың серпін беріп жатса, нұр үстіне нұр болғаны!

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жолға төселетін материалдар алдымен зертханадан өтеді
    20.04.2026
    Жаңаарнада жаңа медициналық нысан ашылды
    20.04.2026
    Талапкерлер үшін жаңа мүмкіндік
    20.04.2026
    Алматы облысында орман қоры ұлғайып келеді
    20.04.2026
    Кәсіпкер мәселесі талқыланды
    20.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>