⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Мәңгілік қазына

    27.02.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мерейтой, Руханият
    Мәңгілік қазына
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Қазақтың ұлы ақыны, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ХХ ғасырдың Гомері атанған өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы, айтыскер ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 180 жыл толып отыр. Бұл мерейтой аясында «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ мен оған қарасты аудан орталықтарындағы филиалдарда түрлі мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

    Тағылымды бастамалардың басты мақсаты – жыр алыбының бай мұрасын кеңінен насихаттау, поэзиялық дәстүрін дәріптеу және тыңдаушылардың әдеби-танымдық мәдениетін арттыру. Атап айтқанда, Шелек ауылдық округтік филиалының ұйымдастыруымен өткен «Жамбыл әлемі» атты танымдық сабақта ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылып, оның айтыс өнеріндегі шеберлігі мен елдік рухты жырлаған толғаулары жан-жақты талданды. Алатау қалалық филиалының тыңдаушыларымен ұйымдастырылған «Жыр алыбы Жамбыл – 180» атты еске алу шарасында тыңдаушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, тарихи деректерге сүйене отырып, Жамбыл поэзиясының ұлттық сананы қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Бұл кеш тыңдаушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани сабақтастықты нығайта түсті. Қарасай ауданында өткен «Жыр дүлдүлі – Жамбыл» өлең сағаты мен «Жамбыл жыры – тіл тағылымы» атты «Даналық» айдары аясындағы іс-шаралар ақынның тіл, елдік, бірлік туралы терең ойларын насихаттауға арналды. Қатысушылар Жамбыл жырларындағы тәрбиелік мәнге тоқталып, оның нақыл сөздерін бүгінгі күн тұрғысынан саралады. Талғар, Райымбек, Ұйғыр аудандарында ұйымдастырылған әдеби-сазды кештер мен поэзия сағаттарында да ақын шығармалары әуезді әнмен әрленіп, көркемсөз оқу шеберлерінің орындауында шырқалды. «Сөз зергері – Жамбыл» және «Жыр дүлдүлі – Жамбыл» атты әдеби кештер көрерменге ерекше әсер сыйлап, нағыз тағылым алар рухани шараға айналды. Жамбыл ауданында өткен «Тілтаным» байқауы мен Балқаш ауданындағы «Халық жүрегіндегі Жамбыл» сауалнамасы қатысушылардың ақын шығармашылығына деген көзқарасын айқындап, білім деңгейін саралауға мүмкіндік берді. Кеген ауданында ұйымдастырылған «Жыр алыбы – Жамбыл» әдеби-танымдық кездесуінде тыңдаушылар ашық пікір алмасып, жыр алыбының шығармашылық мұрасын тереңінен талқылады. Айтулы мерейтойлық шаралардың қорытындысы ретінде Іле ауданында «Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының асыл қазынасы» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жиында ақын поэзиясының тарихи маңызы, оның халықтық сипаттағы шығармаларының өміршеңдігі және ұлттық әдебиеттегі орны жан-жақты сарапталды.

    Ұйымдастырылған іс-шаралар легі Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасын ұлықтаудың жарқын көрінісі болды. Жыр алыбының елдік пен ерлікті, бірлік пен татулықты ту еткен өлеңдері бүгінгі күнде де өзектілігін жойған жоқ.

    Ақынның 180 жылдық мерейтойы аясындағы тағылымды кездесулер мен әдеби кештер тыңдаушылардың рухани дүниесін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түсті. Жамбыл жыры – мәңгілік елдің мәңгілік мұрасы, жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асыл қазынасы. Ол жасампаз елмен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

    Индира ҰЗАҚ,

    «Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ басшысының орынбасары

    Соңғы жаңалықтар

    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «ХЕНКЕЛЬ САС КАЗАХСТАН» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    Құс фабрикасы жаңа Ата Заңды қолдауға шақырады
    06.03.2026
    Ізгі жандарға ізет
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №15 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ» МҮШЕЛЕРІ «ЮНАЙТЕД ХАЙДЖИ» ЖШС ҒИМАРАТЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>