⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституция қабылданды

    18.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Жаңа Конституция қабылданды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті. ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде ортаға алып шыққан соң Гимн орындалды.

    Орталық референдум комиссия­сының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша респуб­ликалық референдумның қоры­тындысын жариялады. Содан кейін Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Конституция­сына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Респуб­ликасы­ның Конституциясын іске асыру жөнін­дегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
    Салтанатты рәсімнен кейін Президент сөз сөйледі.
    – Қымбатты отандастар! Бүгін бар­шаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар. Мен, Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата Заңы­мызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым.
    Енді Халық Конституциясы 1– шілде­ден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық. Еліміздің барша халқына Ата Заңымыз құтты болсын дегім келеді!
    Конституция – мемлекетіміздің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқын­дайтын, ұлтымыздың келешек тағдырына тікелей әсер ететін тарихи құжат. Бұл – шын мәнінде Халық Конституциясы. Оның жобасы шамамен екі жыл бұрын пысықтала бастады. Кейін мұқият талқыланып, зерделеніп жазылды. Конституциямыз – табанды ұжымдық еңбектің нәтижесі.
    Біз бүгін бір ел болып ұлт жылнама­сының жаңа межесіне өттік, түбегейлі өзгерістердің сапасы және мазмұны ерекше бірегей кезеңіне аяқ бастық. Кеше ғана елімізде жалпыхалықтық референдум ойдағыдай өтті. Оған жұртшылық жаппай белсене қатысты. Азаматтарымыз өз таңдауын жасады, халқымыз біркісідей жаңару мен жаңғыру жолын жақтап дауыс берді. Халқымыз Отанымыздың болашағы үшін өте жауапты сәтте жұмыла еңбек етті, ортақ іске орасан зор үлес қосты. Ұлы Абайдың «Бірлік – ақылға бірлік» деген өсиет сөзі осындай кезде айтылған болса керек.
    Бұл референдум берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір өнегелі көрінісі және нышаны болды. Біз халқымызға тән нағыз отаншылдық рухын сезіндік, олардың риясыз қол­дауына куә болдық.
    Мемлекет тағдырына бейжай қара­май, дауыс беру науқанына атсалыс­қан барша азаматқа зор алғыс айтамын! – деді.
    Президент ары қарайғы сөзінде Қазақстан жастарының ерекше белсен­ділік танытқанын атап өтіп, жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданып жатқанын еске салды. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның нәтижелі еңбегіне айрықша тоқталып, жалпыұлттық коалиция мүшелері де қажырлы қызмет еткенін айтты. Еліміздің әр аймағы, ауданы мен қаласында қоғамдық белсенділер, олардың ішінде еріктілер жоғары азаматтық жауапкер­шілік танытып, Халық Консти­туциясының қабылдануына зор үлес қосқанын жеткізді. Халық Конституциясын әзірлеу мен қабылдауда жалпыұлттық бірліктің салтанат құр­ғанын, жаңғыру стратегиясы мен реформалар жаппай қолдау тапқанын атап өтті. Бұл құжаттың тарихи маңы­зына, қазіргі қоғам мен келер ұрпақ баға беретінін алға тартты.
    – Жаңа Конституцияны қабылдау – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру деген сөз. Бұл – дұрыс пен бұрысты тани білетін, жақсы мен жаманның ара-жігін ажырата алатын, кемеліне жеткен жұрттың ғана қолынан келетін іс. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр нормасы, әр тармағы Тәуелсіздігімізді нығайта түседі.
    Әділдік қағидаты бас құжаттың өзегіне айналды. Сондықтан жаңа Ата Заңды Әділетті Қазақстанның төлқұжаты десек, қателеспейміз. Мен ел Президенті және Конституция кепілі ретінде бас құжаттағы ереже­лердің мүлтіксіз орын­далуы үшін бар күш-жігерімді саламын. Жаңа Конституциямызға сәйкес адал қызмет етуге серт беремін. Еліміз әрқашан өсіп-өркендей берсін!
    Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын! – деді.
    Президент сонымен қатар Ақордада жаңа Конституцияны іске асыру жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Онда «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғанын атап өтті. Алда заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс тұрғанын айтты. Ең алдымен, жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарының қызметін айқын­дайтын заңдарды түзеу қажет­тілігіне тоқталды.
    Жалпы, бірқатар конституциялық заң және өзге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде үш заң қабылдау қажеттігі туындап тұр. Конституция күшіне енетін күнді ескере отырып, тиісті заңдарды Парламент сессиясы аяқталғанға дейін қабылдау керек. Мемлекет басшысы осы орайда заңдарды сапалы әрі уақтылы әзірлеп, қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Үкімет заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді кешіктірмей түзеуге тиістігін алға тартты.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Соңғы жаңалықтар

    Ұлыс күні аясында
    18.03.2026
    Әрбір шешім маңызды
    18.03.2026
    Жаңа Конституция қабылданды
    18.03.2026
    Екі амбулатория ел игілігіне берілді
    18.03.2026
    Бір тал кессең, он тал ек
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>