⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қолөнерді дәріптеген

    20.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Қолөнерді дәріптеген
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ақай Нүсіпбеков ауылында тұратын  Тойлыхан Қанапия – қолөнер шебері. Ол құрақ құрап, көрпе, кесте тігіп, түскиіз басады. Қолөнерді кәсіп еткен ол ауыл жастарын да ұлттық құндылықтарға баулуда.

    Тойлыхан Қанапияқызы Қытай Халық Республикасы, Құлжа қаласы, Текес ауданы, Суасу ауылында дүниеге келген. Атажұртқа 2011 жылы қоныс аударған. Негізгі мамандығы – медбике. 1994 жылы тұрмысқа шыққан. Қазіргі таңда төрт баланың анасы. Бұл кәсіпті 9 жасында анасынан үйренген. Өзі білетін өнерді жастарға меңгерту мақсатында бір жыл бұрын шеберлік сыныбын ашқан. Қазіргі таңда қыздарға кесте тігуді үйретуде.
    Қолөнерін дамытуға жергілікті әкімшілік қолдау көрсеткен. «Қымыз­мұрындық» фестивалі кезінде Қанапия Тойлыханның қолынан шыққан көрікті кестелерді ауыл әкімі Рүстем Әлімов көріп: «Мұндай өнерің бар, неге дамытпасқа, қаржылай қолдау көрсетейік!» – деп әкімшілік ғимаратының ішінен бір бөлме береді. Міне, осы бөлмеде қыздарға кесте тігуді үйретуде.
    – Біздің ұлттық қолөнеріміз – мақ­таны­шымыз. Осынау теңдесі жоқ ұлттық нақыш­тағы бұйымдарымыз әлемдік деңгейде танылса деймін. Өйткені, қазақы киімдерімізге шетел­діктер таңданыспен қарайды, – дейді бізбен әңгімесінде Тойлыхан Қанапияқызы. – Адамның қолынан шыққан әрбір зат – үлкен жетістік. Оны дамытып, заман талабымен үндестіре білсек, қандай ғанибет! Осы орайда қыз-келіншектерге айтарым, бір іспен ғана шектелмеңіз­дер, жан-жақты болыңыздар. Үйде отырып-ақ, қолыңызбен, ойыңызбен, шығармашылығыңызбен кәсіпке айналдыратын дүниелер бар. Жастарға айта­тыным, бір істі бастамас бұрын оған табандылық, қызығушылық, ниет керек. Шын ықыласыңмен кіріссең алынбайтын қамал жоқ. Сол себепті істі бастаудың алдында қыздардан осы іске қызығушылығы бар ма, жоқ па, соны біліп, содан кейін үйреткенді жөн көремін. Қызығушылық болғанда ғана қолға алған ісіңнен нәтиже шығара аласың.
    – Өзіңіз пайдаланып жүрген жіптер мен маталарды қайдан аласыз? Бұйымдарыңызға сұраныс бар ма, нарықтағы бағасы қандай? – деп сұрағанымда, ол: – Қолданып жүрген заттарымның барлығын, яғни барқыт мата, жібек жіптерін Қытай елінен алдырамын. Қыз жасауы, шынтақ жастық, төр көрпелерге сұраныстар көп, бағасы қолжетімді. Кесте тігу уақытты көп алады. Бағалар кестенің өрнектеріне қарай, өрнегі тығыз, жиі болса, қымбаттау, ал өрнектері аздау болса, бағасы арзанырақ болады. Қазіргі таңда машинкамен тігілетін заттар көп, сол себепті тұтынушылар нағыз қолмен тігілген бұйымдарға тапсырыс беріп жатады, – дейді ол.
    Қолөнерді кәсіп еткен Тойлыхан Қанапия­қызы 2024 жылы Ұлыстың ұлы күнінде салт-дәстүрді дәріптеуге қосқан үлесі үшін ауыл әкімінің Алғыс хатымен марапатталса, 2025 жылы Ұлттық спорт күніне орай, ұлттық ойынды насихаттау мақсатында бестастан өткен жарыста ІІІ орынды жеңіп алған.
    Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Рүстем Әлімов те ісмер жан туралы жылы лебізін білдірді.
    – Тойлыхан Қанапияқызы ауылда ана­лар кеңесінің мүшесі. Ауылдағы мәдени шараларға атсалысады. Үлгілі шаңырақтың отанасы. Ісмер жанның өнерін дамытуға әкімдік тарапынан қолдау білдіріп, заттарын алуға көмектестік. Бір жыл болды, шеберлік сыныбын ашып, жұмыс істеуде. Аудандық, облыстық көрмелерге де қатысады. Онда шебердің қолынан шыққан қолөнер бұйым­дары, көрпелері, түс киіздері қойылады. Ең үлкен игілікті ісі – ауылдағы жастарды бір уақыт, телефоннан алшақтатып, осындай ұмытылып бара жатқан ұлттық өнерімізді үйретуі. Қолөнер иесінің кәсібін көбейтіп, жұмысының алға басуына алдағы уақытта да қолдау білдіреміз, – деді.
    Тойлыхан Қанапияқызының өмірге деген құштарлығы, еңбекке деген сүйіспеншілігі жан жадыратады. Отбасында ата-енесіне қызмет жасап, ұрпақ өрбітіп, ісмерлігімен де ел-жұртқа танылған жанның мерейі әрдайым үстем болсын дейміз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты
    20.03.2026
    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    Тәні саудың – жаны сау
    20.03.2026
    Жаңаруға бастаған
    20.03.2026
    Ырысы алды – ынтымақ
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>