⛅
20°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Ақтастыдағы Наурыз тойы

    21.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке
    Ақтастыдағы Наурыз тойы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданының Ақтасты ауылында Наурыз мерекесі ерекше ұйымшылдықпен өтті. Ауыл тұрғындары үш киіз үй тігіп, Береке, Татулық, Ынтымақ ауылдарына бөлінді. Киіз үй салт-дәстүрімізге сай безендіріліп, ұлттық бұйымдардан көрме ұйымдастырылды.
    Наурыз мерекесіне жайылған дастарқандағы дәмдердің молдығы да ауылдың ауызбіршілігі мен аста-төк берекесін білдіріп жатты.
    Әр ауыл көрсеткен тұсау кесу, бесікке салу, сүндетке отырғызу дәстүрлері арқылы ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді.
    Ерекше әсемделген аттарға мінген бозбалалар, ұлттық киім киген әсем бойжеткендер мерекеге сән кіргізді.
    Ұлттық ойындар асық ату, батпан көтеру, қол күрес айрықша тартыспен өтіп, мықтыларға ақшалай сыйлықтар үлестірілді.
    Арнайы құрылған комиссия үш ауылдың өнерлерін сарапқа салып, барлығының асқан қызығушылығымен бар мүмкіндікті пайдаланып, тамаша өнер көрсеткендері үшін тең бағалап, ауыл азаматы, кәсіпкер Құрманов Айдар Жанатұлының демеушілігімен Береке, Татулық, Ынтымақ ауылдарына қаржылай сый ұсынды.
    Жыл қорытындысына сай, ауылда өз еңбектерімен елеулі болған он азаматты ауыл әкімі Ерболат Төребаев Мақтау қағазымен марапаттап, Наурыз мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастырған Ақтасты ауылдық клубының меңгерушісі Жандос Асановқа алғысын білдірді.
    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН «DAMDASTOUR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ НАУРЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН ОҚИҒАСЫНА АЙНАЛДЫ
    22.03.2026
    Алатау қаласында Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтті
    22.03.2026
    Қонаев әкімі Наурыз мерекесіне орай құттықтады
    22.03.2026
    Ұрпаққа өнеге болған шара
    22.03.2026
    Ақтастыдағы Наурыз тойы
    21.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>