⛅
19°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Даулы миллиард: Алматы облысында субсидиядағы түйткіл шешіліп, шаруа қожалығына төленді

    31.03.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Даулы миллиард: Алматы облысында субсидиядағы түйткіл шешіліп, шаруа қожалығына төленді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында шаруа қожалығының бір жарым жыл бойы ала алмай келген субсидиясы төленді. Мемлекеттен тиесілі қаржыны ала алмай жүрген кәсіпкердің мәселесі араға уақыт салып оң шешімін тапты.

    Анықталғандай, шаруа қожалығына тиесілі субсидия ұзақ уақыт бойы төленбей, кәсіпкердің заңды құқығы бұзылған. Осыған байланысты қызмет алушы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысының департаментіне шағымданған.

    Шағым негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, өтініш берушіге субсидияның тек бір бөлігі ғана төленіп, қалған қаржы уақытылы берілмеген. Бұдан бөлек, төлем кезектілігі сақталмай, кейін өтініш берген өзге қожалықтарға қаражат кезектен тыс аударылған.

    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, субсидиялар белгіленген кезек тәртібімен төленуі тиіс. Алайда, Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы тарапы бұл талаптарды ескермеген.

    Нәтижесінде, шаруа қожалығы 1,5 жыл бойы өзіне тиесілі қаражаттан қағылып, құқықтары өрескел бұзылған.

    Мәселен, кәсіпкер 2024 жылдың қазан айында өтініш берген. Ал субсидия төлеуге қаражат 2025 жылдың ақпанында бөлінгенімен, жауапты орган тарапынан тиісті төлем жүргізілмегені анықталды.

    Тек уәкілетті органның араласуынан кейін ғана, 2026 жылдың ақпан айында шаруашылыққа 1 миллиард теңге көлемде қаражат аударылып, кәсіпкердің құқығы ішінара қалпына келтірілді.

    Департамент бұл бағыттағы жұмыстарды кәсіпкердің құқықтары толық қалпына келгенше бақылауда ұстайды.

    Сержан Ерғалиұлы Атайбеков

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы

    Соңғы жаңалықтар

    Биыл Алматы мен Жетісу облыстарында мың шақырымнан астам жол тексеріледі
    31.03.2026
    Олжас Бектенов геологиялық барлауға отандық технологияларды енгізу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды
    31.03.2026
    «Алатау дарыны»: Марат Сұлтанғазиев Қытайда білім алып жатқан Алматы облысының студенттерімен кездесті
    31.03.2026
    Транзиттік әлеует артады: Алматы облысы мен Қытай арасындағы маңызды меморандум
    31.03.2026
    Даулы миллиард: Алматы облысында субсидиядағы түйткіл шешіліп, шаруа қожалығына төленді
    31.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>