⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақын рухына тағзым етті

    11.08.2023
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Ақын рухына тағзым етті
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Абай күні облыс орталығы Қонаев қаласында да салтанатпен аталып өтті.

    Мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестік төрағалары, ұстаздар, оқушылар, қала тұрғындары мен қонақтары ұлы ақынға орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

    «Абай Құнанбайұлы – қазақ руханиятындағы ең жарық жұлдыздың бірі де бірегейі. Хакім артына өшпес мұра қалдырды. Оның жауһар поэзиясы, даналық сөздері өнеге мен тәлім-тәрбие. Абайдың асыл сөздерін жүректерге тоқыған ұрпақтың келешегі кемел болады. Ұлы ақынның рухы қолдасын», – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Нүсіпжанұлы.

    Келесі кезекте Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының басшысы Қанат Әбілқайыр жиналған жұртты мерекемен құттықтап, ақжарма тілегін арнады. Жергілікті ақын Берік Байлов Абайға арнаған өлеңін оқып, көрермендерді бір серпілтті.

    Сонымен қатар, «Kinoman» өнер орталығының шәкірттері Айзере Бақберген «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап», Айғаным Амангелді «Қыс» атты ақынның жырларын жатқа оқып, мерекелік шараның көрігін қыздырды.
    «Абай күнін» мерекелеу аясында орталық алаңда облыстық Сүйінбай атындағы филармония мен «Алатау әуендері» ансамблінің концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алматы жылу кешенін газға ауыстырудың алғашқы кезеңі аяқталды

    Алматы жылу кешенін газға ауыстырудың алғашқы кезеңі аяқталды

    2 years ago
    Райымбек ауданында құрылыс қарқынды

    Райымбек ауданында құрылыс қарқынды

    2 years ago
    Қонаев көркейіп келеді

    Қонаев көркейіп келеді

    12 months ago
    Шонжыда ұлттық және ат спорты түрлерінен чемпионат аяқталды

    Шонжыда ұлттық және ат спорты түрлерінен чемпионат аяқталды

    3 years ago
    «Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады

    «Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>