⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Сәуір 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қауіпсіз қоғам кепілі

    07.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Қауіпсіз қоғам кепілі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс», – деген болатын.

    Ел Президентінің тапсырмасын орындау барысында полиция қызметкерлері халық алдында заң мен тәртіпті сақтау қағидалары бойынша қажетті іс-шараларды жоспарға алып, жүйелі жұмыс атқарып келеді. Осы орайда облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мейрам Әбікеев Балқаш өңіріне арнайы келіп, аудандық Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. Жиынға Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов те қатысты.
    Тұрғындармен кездесу барысында Мейрам Жұмкенұлы қоғаммен өзара байланыс орнату, полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде сөз қозғап, облыс деңгейінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан тұрғындарының өтініш-тілектеріне де құлақ түрді. Тұрғындар аудан көлемінде учаскелік полиция қызметкерлерінің жетіспейтінін айтып, олар қызметтік көліктермен қамтылса деген өтініштерін ортаға салды. Сондай-ақ Іле өзенінің жағалауына демалуға келген қонақтар жағалауды ластап кететінін алға тартты. Сонымен қатар заңсыз балық аулаушылардың токпен ұру тәсілін қолданатынына наразылық білдіріп, заң бұзушыларға қатаң жаза қолданылса деген ұсыныстарын айтты.
    Кездесу соңында Мейрам Әбікеев аудан тұрғындарына белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіріп, полиция жұмысының басты мақсаты – қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау екенін атап өтті. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныстардың оң шешімін табуын өз бақылауына алатынын айтып, қоғамның тыныштығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты екеніне баса тоқталды.
    Шын мәнінде полиция қызметкерлерінің басты міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Ал заң мен тәртіп бар жерде әділдік, бейбіт өмір мен қауіпсіздік орнайды. Сондықтан да әр азамат мемлекетіміздің Конституция заңдарын құрметтеп, өз іс-әрекетіне жауапты болуы қажет. Заң мен тәртіпті сақтау елдің дамуына, халықтың әл-ауқатына және болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүруіне кепіл болады.

    Бақтығали Дәуітбай
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ шеберлері Алатауда бас қосты
    07.04.2026
    Премьер-министр: Мәдениет министрлігі Конституция бойынша жоспарлы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруы қажет
    07.04.2026
    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу үшін субсидия қашан төленеді? 
    07.04.2026
    Қазақтың қайсар қызын еске алды
    07.04.2026
    Қауіпсіз қоғам кепілі
    07.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>