⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Сәуір 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өркениетке жол ашады

    11.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Өркениетке жол ашады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    12 сәуір – Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні. Ғылым кез келген мемлекеттің өркениеттік деңгейін айқындайтын негізгі факторлардың бірі. Сондықтан да бұл күн – ғылым саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалау ғана емес, жалпы қоғамның ғылымға деген көзқарасын қайта саралайтын сәт.

    Елімізде ғылымды қайта жандандыру бағытында бірқатар маңызды қадам жасалды. Ұлттық ғылым академиясының рөлі қайта қаралып, ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың жаңа тетіктері енгізілді. «Болашақ» бағдарламасы аясында 500 ғалым шетелде ғылыми тағылым­дамадан өтіп жатыр. Ғылыми дәрежелер мен атақтар үшін берілетін қосымша төлемдер де ұлғайды. Бүгінде елімізде 420-дан астам ғылыми-зерттеу ұйымдарында 27 мыңнан астам ғалым мен ғылыми қызметкер еңбек етеді.
    Ғылымды дамытудағы басты факторлар­дың бірі – қаржыландыру. Кейінгі жылдары Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаражат көлемі біртіндеп артып келеді. Мемлекет ғылыми жобаларды гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жүйесі арқылы қолдауда. Сонымен қатар жас ғалымдарға арналған арнайы гранттар, докторантура бағдарламалары іске асырыла бастады. Алайда халықаралық тәжірибемен салыстырғанда, елімізде ғылымды қаржыландыру деңгейі әлі де төмен. Дамыған елдерде ғылымға жұмсалатын шығын ішкі жалпы өнімнің 2-3 пайызына жетсе, бізде бұл көрсеткіш айтарлықтай аз. Бұл өз кезегінде, ғылыми зерттеулердің ауқымы мен сапасына әсер ететіні анық. Ғылым – қандай да бір шикілік пен заңбұзушылықтан ада болуы керек десек, жемқорлық дертінің бұл саланы да айналып өтпегені қынжылтады. Мұны таяуда Алматыда өткен келелі жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жария етті. Өзі там-тұмдап қана бөлінетін, ЖІӨ-нің 1 пайызына да жетпейтін қаржының ұстағанның қолында, тістегеннің аузында, тиімсіз жұмсалып кеткені жастардың ғылымға деген ынтасын сөндіретіні сөзсіз.
    Тағы бір маңызды мәселе – ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың әлсіздігі. Көптеген ғылыми жоба теориялық деңгейде қалып қойып, нақты өндірістік іске айналмай жатады. Инновациялық экономиканы дамыту үшін ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыру, стартап жобаларды қолдау, бизнес пен ғылым арасындағы әріптестікті күшейту қажет. Бүгінгі ғылым қарқынды өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатыр. Цифрландыру, жасанды интеллект, биотехнология, экология, жасыл энергия салаларындағы зерттеулер алдыңғы қатарға шықты. Қазақстан да бұл үрдістен шет қала алмайды. Осыған байланысты кейінгі жылдары елімізде IT-технологияларға, деректерді талдауға, цифрлық шешім­дерге қызығушылық артып келеді. Университеттерде жаңа мамандықтар ашылып, ғылыми зертханалар заманауи құралдармен жабдықтала бастады.
    Президент мемлекеттің алдына қойған стратегиялық мақсаттардың бірі – ғылым мен инновацияға келетін инвестицияны еселеу, білімге негізделген экономика құру. Ғылымсыз инновация, инновациясыз экономикалық өсім тұрақты болмайды. Ғылым – ұзақ мерзімді инвестиция болғандықтан, оның нәтижесі бірден көрінбеуі мүмкін, бірақ уақыт өте келе ол елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына зор ықпал етеді. Сондықтан ғылымға салынған әрбір теңге – болашаққа салынған инвестиция.

    Айбек БЕЙСЕБАЕВ

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында алма бақтар гүлдеді
    14.04.2026
    Іле ауданында тазалық акциясы өтті
    14.04.2026
    Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында «Таза өлке – таза жер» акциясы өтті
    14.04.2026
    «Ыстық нүктенің» отына шарпылған…
    14.04.2026
    Тұтынушы құқығы заң аясында қорғалды: Департамент араласқан соң ірі көлемдегі қаражат қайтарылды
    14.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>