⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Ауыл шаруашылығы

    Дән егіп терлеген

    20.04.2026
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Дән егіп терлеген
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов бірқатар шаруашылықты аралап, арпа-бидай егу жұмысы жайын бағамдады. Өңір басшысы өзінің іссапарын Береке ауылдық округіне қарасты «Тамшыбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен бастады.

    Серіктестік төрағасының орынбасары Қамқор Уәлиев шаруашылыққа тиесілі 3161 гектар суармалы жердің 500 гектарына күріш, 300 гектарына бидай, 200 гектар жерге сұлы және қалған суармалы алқапқа көпжылдық шөп егуді жоспарлап қойғандарын айтты.
    Шаруашылықта қазіргі таңда 200 гектар егіс алқабына сұлы дақылын егу жұмысы аяқталған. Ал 300 гектар жерге егілетін бидай дақылының 100 гектарына алтын дән сіңіріліп үлгерген.
    Жалпы айтқанда, «Тамшыбұлақ» ЖШС көктемгі дала жұмыстарын атқаруда 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар дала төсін дүбірге бөлеген науқанға он екі «МТЗ-80» және алты «МТЗ-1221» тракторлары, төрт тұқым сепкіш, төрт жер тегістегіш және төрт соқа, тағы басқа қажетті техникалар пайдаланылуда. Аудан басшысы «Тамшыбұлақ» ЖШС директорының орынбасары Қамқор Уәлиевке ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарды дер кезінде аяқтауды және еңбектің қарақазанын қайнатып жатқан диқандардың еңбегін лайықты бағалауды тапсырды. Мұнан соң «Бауыржан-7» ЖШС-ға атбасын бұрып, ол жерде де егін егу науқаны барысымен танысты. Сапар аясында аудан әкімімен орынбасары Асқар Қадірұлы, ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Әлібек Бөпешбаев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғалым Нарбаев бірге жүрді.

    Бақтығали ДӘУІТБАЙ
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жолға төселетін материалдар алдымен зертханадан өтеді
    20.04.2026
    Жаңаарнада жаңа медициналық нысан ашылды
    20.04.2026
    Талапкерлер үшін жаңа мүмкіндік
    20.04.2026
    Алматы облысында орман қоры ұлғайып келеді
    20.04.2026
    Кәсіпкер мәселесі талқыланды
    20.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>