⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық

    22.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Моңғолия Үкіметі зейнетақы­ларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша ынтымақтастық аясында келісім жасасқан болатын. Ол 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енді. Құжатқа 2024 жылғы 29 қазанда Ұлан-Батыр қаласында қол қойылған және Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 ақпандағы Заңымен ратификацияланған.

    Келісім екі ел азаматтарына зейнетақы тағайындау мен төлеу тәртібін реттеуге, сонымен қатар басқа мемлекет аумағында жинақталған еңбек өтілін есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте еңбек өтілін өзара есепке алу, әскери қызмет, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі және арнаулы орта білім беру ұйымдарында оқыған кезеңдерді еңбек өтілі ретінде енгізу қарастырылған. Келісімде сондай-ақ Қазақстан мен Моңғолия арасындағы жинақтаушы зейнетақыны экспорттау бойынша ынтымақтастықтың жаңа түрі көзделген.
    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын еңбек өтілі туралы құжаттарды ұсынған кезде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін өзгерту («Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №232 бұйрығы) қағидалардың 22, 23 нысандарына сәйкес өтініш берілген күннен бастап жүргізілген арттыруларды ескере отырып, тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
    Қағиданың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Рес­публикасынан тыс жерлерде берілген құжаттар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жария етуге жатады.
    Келісімнің арқасында екі ел азаматтарының құқықтық сенімділігі мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін еңбек өтілі мен трансшекаралық зейнетақы төлемдерін жинақтаудың ашық тетігі енгізіледі.

    Қарлығаш Естеуова,
    ҚР ЕжХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
    реттеу және бақылау комитеті Алматы облысы бойынша департаменті №1 зейнетақы және әлеуметтік

    қамсыздандыру бөлімінің басшысы

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы саласындағы ынтымақтастық
    22.04.2026
    Жастар орталығы ашылды
    22.04.2026
    Ел алдындағы есеп
    22.04.2026
    Глава государства подчеркнул недопустимость избирательного подхода в экологических вопросах
    22.04.2026
    Президент призвал к последовательному соблюдению норм Устава ООН
    22.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>