⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Инженерлік жүйелер жаңғырады

    09.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Инженерлік жүйелер жаңғырады
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Биыл облыс орталығында тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық саласы бойынша бірқатар нақты жобалар жүзеге асады. Жылу және сумен қамту, кәріз жүйесін жаңғырту мен абаттандыру бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, инфрақұрылымның сенімділігі мен қолжетімділігі арта түспек.

    Қонаев қаласындағы су және жылу желілерінің әбден тозғаны туралы аз айтылып жүрген жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қалада бірқатар іс атқарылып жатыр. Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Тимур Ақмырзаевтың айтуынша, 2025-2029 жылдарға арналған «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыс орталығының инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кәріз құбырлары 58 жыл бұрын салынған. Ұлттық жоба аясында оларды жаңарту 2027 жылға жоспарланған болатын. Алайда соңғы апатты жағдайлардан кейін жобаны жеделдетіп, құрылысты 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ұзындығы 6 шақырымнан асатын кәріз желісі толық жаңғыртылады. Құрылыс жұмыстары алдағы айда басталады.
    Қонаев қаласының қарқынды дамуын ескерсек, бұл жобаларды жүзеге асырудың стратегиялық маңызы зор. Инфрақұрылымды жаңғырту қаланы одан әрі дамытуға, жаңа тұрғын үйлер салуға, инвестиция тартуға мүмкіндік ашады. Жалпы, ұлттық жоба бойынша жұмыс жоспарға сай жүргізілуде. Қала әкімдігі сапаға, ашықтыққа және нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса назар аудара отырып, жобаның жүзеге асырылуын қадағалайды», – дейді қала әкімінің орынбасары Тимур Ақмырзаев.
    Бұдан бөлек, биыл ұлттық жоба шеңберінде Алматы және Сейфуллин көшелеріндегі ауызсу желілерін жаңарту басталады. Сонымен қатар жылу жүйелерін модернизациялау бойынша екі ірі жобаны іске асыру жоспарланған. Биыл инфрақұрылымға қатысты 5 жоба жүзеге асырылады. Келесі жылға тағы 4 жоба жоспарланған. Нәтижесінде қаладағы 67 шақырым инженерлік желі жаңғыртылады. Сонымен қатар қалада 11 кәріз-сорғы стансасын жаңғырту жұмыстары қатар жүргізілуде. Қазіргі таңда екі нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жобаны жақын арада толық аяқтау көзделіп отыр.
    Қалалық әкімдіктің мәліметіне сүйенер болсақ, бүгінде кәріз тазарту жүйесі құрылысын жобалау, салу және пайдалану бойынша инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылып, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жекеменшік әріптес 2023 жылы ақпанда өткізілген конкурс қорытындысы бойынша анықталып, «Daur Capital» ЖШС жеңімпаз атанды. Жобаны іске асырудың постинвестициялық кезеңі биылғы жылдың 1 қаңтарынан 2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген. Жобалық-сметалық құжаттама 2025 жылы 15 шілдеде «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алды. Жобаға сәйкес тазарту қуаттылығы тәулігіне 25 мың текше метр суды құрайды, оны 31 мың текше метрге дейін ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған. Сағатына орташа есеппен 1 037 м3 суды тазарта алады. Ең жоғары көрсеткіш – сағатына 1 611 м3-қа дейін. Жоба аясында жалпы ұзындығы 36 шақырым болатын, екі желіден тұратын қысымды кәріз құбыры, үш кәріз сорғы стансасы және қажетті инженерлік инфрақұрылым нысандары салынады. Оның ішінде ұзындығы 41 шақырым электр желілері, үш трансформаторлық қосалқы станса, ұзындығы 22,3 шақырым газ құбыры, 22,4 шақырым сыртқы байланыс желілері және жалпы ұзындығы 2,8 шақырым автомобиль жолы бар. Сонымен қатар көлемі 7,5 млн м3 болатын тазартылған суға арналған жинақтаушы тоған құрылысы басталды. Нысан 20 айда салынып бітеді деп жоспарланған. 2027 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмысына рұқсат 2026 жылы 26 қаңтарда алынды. Қазіргі уақытта нысанның тағаны қазылып, электр желілеріне арналған тіректер салынуда. Құрылыс алаңында 35 арнайы техника және шамамен 80 маман жұмыс істеуде. 215 гектар аумақта салынып жатқан нысан заманауи технологиялық талаптарға сай жабдықталатын болады. Жобаның жалпы құны – 33 млрд теңге.
    Аталған жобаны іске асыру су тазарту деңгейін едәуір арттыруға, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға және қарқынды дамып келе жатқан Қонаев қаласының заманауи инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    «Таза Қазақстан»: ұзынағаштықтар үлес қосты
    14.05.2026
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    14.05.2026
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    14.05.2026
    Аймақ жұртын біріктірген ауқымды бастама
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>