⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Мамыр 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Әуе таксиі – Алатауда!

    20.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Әуе таксиі – Алатауда!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алатау қаласында eVTOL әуе таксиі алғаш рет ұшырылып, сынақтан өткізілді. Мұндай жоба Орта Азияда бірінші рет іске асырылуда. Электр қуатымен жұмыс істейтін аэротакси көлік кептелісін азайтуға, туристік нысандарды байланыстырып, діттеген жеріңе тез жетуге мүмкіндік береді.

    Әуе таксиі сағатына 200 шақырымды еңсере алады. Қуаты да 200 шақырымға шақталған. Бір ұшқыш пен бес жолаушыны тасымалдай алады. 13 электрқозғалтқышпен жабдықталған. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда дыбысы әлдеқайда бәсең және көмір­қышқыл газын шығармайды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес алғашқы сынақ жолаушысыз өткізілді.
    Шараны қазақстандық «Alatau Advance Air Group Ltd.» компаниясы Қытай, Оңтүстік Корея, Италия және АҚШ елдеріндегі халықаралық серіктестерімен бірлесіп ұйым­дас­тырды. Салтанатты жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, жобаның отандық көлік саласының тарихындағы айтулы жаңалық екенін атап өтті.
    «Өздеріңізге белгілі, жақын­да ғана Мемлекет басшысы
    Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласы­ның арнаулы құқықтық режимі туралы» Конститу­циялық заңға қол қойды. Қала келешекте экономикалық өсім үшін қолайлы экожүйеге айналады. Ал бүгінгі жоба – озық технологиялар мен «Ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Осындай заманауи ұшып-қону құрылғыларын дамытуға күш салып жатқан «Alatau Advance Air Group Ltd.» командасының еңбегі ерекше құрметке лайық.
    Аталған бастама Алатау қаласын инновациялар мен цифрландыру­дың басты орталығы ретінде дамыту тұжырымдамасымен толық үндесіп жатыр. Жобаға 250 млн доллар инвестиция тартылды. Бұл – Alatau City-дің болашағына деген жоғары сенімнің көрінісі.
    Бүгінде еліміз жаһандық техноло­гиялық өзгерістерді сырттай бақылап қана қоймай, олардың белсенді қатысушысына айналды. Көк аспанды бағындырған әуе таксилерінің сапары сәтті әрі қауіпсіз болсын. Орталық Азиядағы заманауи авиацияның жаңа дәуірі дәл осы біздің өңірден басталғаны – бәріміз үшін үлкен мақтаныш», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ жобаны іске асырушы серіктестермен келісімшартқа қол қойды.
    «Alatau City Authority»-дің бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров өз сөзінде игі бастаманың беретін мүмкіндіктеріне тоқталды. «Бүгін біз Қазақстан үшін тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Елімізде алғаш рет аэротакси сынақтан өтті. Бұл – тек жаңа технологияны таныстыру емес, сонымен қатар инновация мен цифрлық технологияға негізделген жаңа қаланың даму кезеңінің бастамасы. Alatau City – болашақтың қаласы. Сондықтан еліміздің әуе мобильділігі мен жаңа индустриясының дамуы дәл осы жерден басталуының символдық мәні зор», – деді ол. Жобаны іске асырушы компания технологияны жай ғана енгізіп қоймай, оның толыққанды экожүйесін қалыптастыруды жоспарлап отыр. Яғни қажетті инфрақұрылым құру, инженерлік саланы дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.
    еVTOL әуе таксиінің ұшып-қонуы үшін қуаттау және навигация жүйелерімен жабдықталған верти­порттар пайдаланылады. Оларды қала ортасына – ғимарат шатырларына, көлік тораптарына және бизнес-кластерлерге орналастыруға болады. Қазіргі таңда Alatau City-де алғашқы вертипорттың құрылысы басталып кетті. Болашақта Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік аймақтарында вертипорттар желісін құру жоспарланып отыр. Маршруттар өңірдің негізгі көлік тораптарын байланыстырады деп күтілуде. Мысалы, Алматы әуежайынан Медеуге дейін 10-12 минутта жетуге болады. Бұл жайында «Alatau Advance Air Group Ltd.» компаниясының жобалар менеджері Данияр Өтеулин айтып берді.
    «Ұшу бағасы туралы әзірге нақ­ты айту қиын. Өйткені алдымен вертипорттар желісін құру қажет. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай көлік түрі негізінен екі бағытта дамиды. Біріншісі әуежайлар болса, екіншісі қала ішіндегі аудандарда қатынайды. Осыған байланысты Alatau City-де төрт вертипорт салу жоспарланып отыр. Яғни қаланың әр ауданында әуе таксиіне арналған аялдама болады. Қала ішіндегі қауіп­сіз әуе бағыттарын ұйымдастыру да – маңызды бағыттардың бірі. Мысалы, Alatau City ішінде бір жерден екіншісіне жету уақыты 10 минуттан аспайды. Жуырда
    Нью-Йоркте алғашқы сынақ рейсі өтті. Қаладағы бір жарым сағаттық жолды әуе көлігі 8,5 минутта еңсерген. Ал жобаны Alatau City-де нақты іске асу мерзімі қала құрылысының даму қарқынына байланысты», – деді ол.
    Іс-шара барысында аэротаксимен қатар жүк тасымалдайтын дрондар мен цифрлық навигация платформасы да таныстырылды.
    Қазіргі таңда әлем бойынша жолаушы тасымалдайтын аэротаксилер әлі сынақтан өткізіліп жатыр. Әзірге инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары әзірленуде. 2029 жылға қарай іске қосылуы мүмкін. Бұл жоба тек өңірдің ғана емес еліміздің әуе тасымалын дамытуға серпін беретіні сөзсіз.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Алатау қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Іле ауданында дарынды оқушылар марапатталды
    20.05.2026
    «Түнгі қаладағы балалар»: Алматы облысында үш күндік рейд қорытындыланды
    20.05.2026
    Алматы облысының спортшылары республикалық Кубокта жоғары нәтиже көрсетті
    20.05.2026
    Жастар стартапы — жаңа серпін
    20.05.2026
    Зейнетақы жинағын есептеудің жаңа әдістемесі
    20.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>