Перейти к содержимому

Мемлекет басшысы Алматы облысына сапарлап келді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Telegram арнасында хабарланды.

Сапар аясында Мемлекет басшысы «Батыл тойтарыс – 2023» әскери оқу-жаттығу жиынына қатысады, сондай-ақ өңірде бірқатар нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.

Президент соңғы рет Алматы облысына былтыр қазан айында сапарлап келген.