Перейти к содержимому
Главная страница » ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Жол қауіпсіздігі – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі. Жол қозғалысы ережелерін сақтау арқылы ғана жол-көлік оқиғаларының алдын алып, өзіміздің және өзгелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

Алатау қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Автожолдардың қауіпсіздігін арттыру, жол белгілерін жаңарту, жаяу жүргіншілер өткелдерін ретке келтіру, көшелерді жарықтандыру және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу – осы бағыттағы негізгі міндеттердің бірі.

Әсіресе жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, белгіленген жылдамдық режимінен аспауды, қауіпсіздік белдігін тағуды, рөлге мас күйінде отырмауды және жаяу жүргіншілерге әрдайым жол беруді сұраймыз.

Жаяу жүргіншілер де өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, жолды тек арнайы өткелдер арқылы кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын сақтауы қажет. Ата-аналар балаларға жолда жүру мәдениетін ерте жастан үйретіп, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлгені маңызды.

Құрметті Алатау қаласының тұрғындары!

Жолдағы тәртіп – өз өмірімізге деген жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір сақталған ереже – аман сақталған өмір. Баршаңызды жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай орындауға, өзара сыйластық танытуға және қауіпсіз қоғам қалыптастыруға шақырамыз.

Қауіпсіз жол – қауіпсіз қала!