Перейти к содержимому
Главная страница » Заң мен тәртіп – қоғам негізі

Заң мен тәртіп – қоғам негізі

Жуырда «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Ұйғыр ауданы Бахар ауылында құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Түсіндіру жұмыстары барысында ата-аналармен кездесулер өткізіліп, балаларды кешкі уақытта қараусыз көшеге жібермеу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың заң талаптарын сақтауына бағыт-бағдар беріп, олардың тәрбиесіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сондай-ақ ауылдағы сауда орындарының иелерімен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Кездесу барысында кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға заңмен қатаң тыйым салынғаны ескертіліп, қолданыстағы заң талаптарын бұлжытпай орындау қажеттігі түсіндірілді. Заң талаптарын бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны туралы ақпарат берілді.


Анар Дүйсенбайқызы
Ұйғыр ауданы