Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру – құқық қорғау органдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Осы мақсатта Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында аудан көлемінде кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту. Осыған байланысты полиция қызметкерлері профилактикалық және тізімдік есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын аралап, олардың өмір салты мен заң талаптарын сақтау жағдайына бақылау жүргізді.
Тексеру барысында есепте тұрған тұлғалармен жеке профилактикалық әңгімелер өткізілді. Кездесулер барысында құқық бұзушылықтарға жол бермеудің маңыздылығы түсіндіріліп, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланудың кері салдары, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Мұндай профилактикалық жұмыстар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, олардың заңға құрметпен қарауына және қоғамдағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Сонымен қатар, әкімшілік учаскелерде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіптің сақталуына ерекше назар аударылды. Полиция қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, халық көп жиналатын орындарды және өзге де қоғамдық кеңістіктерді бақылауға алып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті жұмыстар атқарды.
Рейдтік іс-шаралар барысында анықталған заң бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Бұл жұмыстар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты негізде жалғастыратын болады. Осындай профилактикалық іс-шаралар тұрғындардың тыныштығын сақтауға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ қоғамдағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға өз үлесін қоса береді.
Анар Дүйсенбайқызы
Ұйғыр ауданы


