Перейти к содержимому
Главная страница » Келісім мен заң үстемдігі – тұрақты қоғам негізі

Келісім мен заң үстемдігі – тұрақты қоғам негізі

Қоғам тұрақтылығы – ел дамуының негізі. Ал келісім мен заң үстемдігі – тұрақты қоғам негізі. Осы тақырыпта Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылында тұрғындармен үлкен кездесу өтіп, халыққа «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қоғамдағы заң үстемдігін нығайтып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруды, тұрғындардың құқықтық сауатын жетілдіріп, заң талаптарын сақтау қағидаттарын ілгерілетуді, сонымен қатар медиация институтын дамыта отырып, тұрмыстық дауларды бейбіт жолмен шешу тәжірибесін кеңейту, қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуды мақсат еткен іс-шарағахалық көп жиналды. Алматы облысынан арнайы келген спикерлер мен аудандағы құқық қорғау саласының қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында «Заң мен тәртіп» қағидасы негізінде баяндама жасап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасы жанындағы « Қоғамдық келісім және даму орталығы» басшысының орынбасары Айымжан Тәңірбергенова кездесудің кіріспе сөзінде орталықтың жұмысына тоқталып, өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстардың ретімен таныстырды.

«Қазіргі таңда өңірде 105 этнос өкілі тату-тәтті бір шаңырақ астында өмір сүріп, елдің дамуына үлес қосып жатуы, облыста тіркелген 34 этномәдени бірлестік пен қоғамдық ұйымның түрлі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, өзара татулық пен сенімді нығайтуға қызмет етуі, бір үйдің баласындай қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтауға атсалысуы – азаматтарымыздың заң мен тәртіпке мойынсұнып, ортақ құндылықтарды құрметтеуі мен ел болашағына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту – баршамызға ортақ міндет. Осы бағытта Қоғамдық келісім және даму орталығы мемлекеттік органдармен, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарымен, этномәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді. Өйткені ел ішіндегі татулық пен өзара түсіністік – тұрақты даму мен өркендеудің басты кепілі», – дейді Айымжан Кәріпжанқызы.

«Талдау және болжау орталығы» КММ басшысының орынбасары Марлен Бурашев «Қоғамдық тұрақтылық пен құқықтық мәдениетті нығайтудың заманауи үрдістері: талдау және болжау» тақырыбында ой өрбітіп, нақты статистикалық ақпараттармен мысал келтіріп, баяндама жасады. Облыстық Медиация кеңесінің төрағасы, кәсіби медиатор  Ләззат Қобланова «Дауларды бейбіт жолмен шешу және қоғамдық келісімді нығайтудағы медиацияның маңызы» тақырыбын қозғаса, облыстық  «Огни Алатау» қоғамдық-саяси газетінің меншікті тілшісі Айүл Габсаттарова «Бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық мәдениет пен қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөліне» тоқталып өтті. Сонымен қатар Еңбекшіказақ ауданы ПБ ҚҚБ бастығы полиция подполковнигі Мұқан Ержан «Заң талаптарын сақтау – қоғам тұрақтылығының кепілі» туралы айтты.

«Алаяқтықтың сан түрі белең алып жатқан тұста қоғамдағы тұрақтылыққа сызат түспеуі маңызды. Қауіпсіз, әрі жайлы қоғамда өмір сүру – біздің әрқайсымыздың таңдауымыз. Олай болса, заі мен тәртіпке бағынып, құқықбұзушылыққа жол бермеу де – біздің таңдауымыз болуы керек», – дейді Еңбекшіказақ ауданы ПБ ҚҚБ бастығы полиция подполковнигі Мұқан Ержан.

Спикерлер кездесу қатысушыларының сұрақтарына кеңінен жауап беріп, кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Кездесуге тек ауыл тұрғындары ғана емес, аудандық қоғамдық келісім және даму орталығының қызметкерлері, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің және этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ