Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткісіз балалық шақ

Есірткісіз балалық шақ

«Есірткісіз балалық шақ» республикалық акциясы аясында Ұйғыр аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қырғызсай ауылдық округіндегі балалар сауықтыру орталығына барып, жасөспірімдермен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ есірткі мен психотроптық заттардың зияны туралы түсіндіру болды. Полиция қызметкерлері балалармен ашық әңгіме жүргізіп, есірткінің адам ағзасына, психикасына және болашағына тигізетін кері әсерін қарапайым тілмен жеткізді. Олар мұндай зиянды әдеттердің өмірге үлкен қауіп төндіретінін атап өтті.
Сонымен қатар, жасөспірімдерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Спортпен айналысу, пайдалы істерге уақыт бөлу, жақсы орта таңдау әр баланың жарқын болашағына жол ашатыны айтылды.
Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік мәселелері де кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, бейтаныс адамдардан күмәнді заттарды алмау, интернет пен әлеуметтік желілерде таралатын күдікті ұсыныстарға алданып қалмау, өз жеке қауіпсіздігін сақтау қажеттігі ескертілді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып, қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, заң талаптарын сақтау әр азаматтың борышы екенін түсіндірді. Мұндай әңгімелер жасөспірімдердің заңға деген құрметін арттыруға бағытталды.
Кездесу соңында балалар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты әрі пайдалы жауаптар алды.


Анар Дүйсенбайқызы
Ұйғыр ауданы