Перейти к содержимому
Главная страница » Нашақорлыққа жол жоқ!

Нашақорлыққа жол жоқ!

Дардамты ауылының жастары «Заң мен тәртіп: Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауылдың белсенді жастары қоғамдық орындар мен жастар көп жиналатын жерлерде ақпараттық парақшалар таратты.
Іс-шара барысында тұрғындар мен жастарға нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін зияны туралы ақпараттар беріп, бүгінгі қоғам дертіне айналған нашақорлық турасында әңгіме өрбітіп, нақты деректермен түсіндіріп берді. Қатысушыларға есірткі заттарын қолданудың құқықтық жауапкершілігі түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы насихатталды. Отбасынан бастап балаларға нашақорлықтың зиянын, оның өмірге балта шабатын қауіптілігін түсіндіру әр ата-анаға міндет екенін де жеткізді. Есірткі саудасындағы жауапкершіліктің ауыр екенін де айтып өтті. Сақтық пен жауапкершіліктің маңызды екенін еске салды.
Акцияның мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.


Анар Дүйсенбайқызы
Ұйғыр ауданы