Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналы (БАК) бойындағы автожолда орналасқан ескі көпірді су шайып кетті. Түрген өзені арқылы өтетін автомобиль жолының 54-шақырымындағы көпір 2024 жылы апатты жағдайда деп танылған болатын. Осыған байланысты көпір арқылы көлік қозғалысына шектеу енгізілген.
Әкімдіктің берген мәліметіне жүгінер болсақ, 2026 жылғы 1 шілдеде жауын-шашынның мол түсуіне байланысты Түрген өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан апатты жағдайдағы көпірдің маңындағы топырақ шайылған.
Апатты көпірді ауыстыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және жобаға қажетті қаржы қарастырылды.
Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша мердігер ұйым анықталды. Мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарына 10 шілдеден бастап кіріседі. Аталған жағдай облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.


