«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында облыста экологиялық ахуалды жақсартуға, елдімекендерді абаттандыруға және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Шараларға облыс әкімдігінің, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдары, еріктілер, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ өңір тұрғындары белсенді қатысуда.
2026 жылдың басынан бері бағдарлама аясында облыс аумағында 23 жалпыаймақтық сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбіліктерге 523 312 адам қатысты. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 12 098 тонна қоқыс шығарылып, 7 139 гектар аумақ тазартылды, 103 881 ағаш көшеті отырғызылды. Іс-шараларды өткізуге 3 478 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Кезекті облыстық сенбілік бүгін, яғни 2026 жылғы 23 шілдеде өтті. Іс-шара барысында елдімекендерде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар абаттандырылды.
Бұл күнгі сенбіліктің қорытындысы бойынша оған 21 915 адам қатысты. Нәтижесінде 503 тонна қоқыс шығарылып, 279 гектар аумақ тазартылды. Тазалық шарасына 279 бірлік арнайы техника тартылды.


