Перейти к содержимому
Главная страница » Түрген шатқалындағы тазалық акциясы

Түрген шатқалындағы тазалық акциясы

Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі мен «Іле Мұрагер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Түрген шатқалында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында экологиялық тазалық акциясы өтті.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен акция барысында Түрген шатқалындағы демалыс аумағы мен өзен жағалауы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Демалушыларға табиғатты қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоқысты арнайы орындарға тастау мәдениеті жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындардың экологиялық мәдениеті мен құқықтық жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ табиғатты қорғауға қоғам назарын аудару. «Тәртіп – өзімізден басталады! Таза табиғат – ортақ жауапкершілігіміз!» қағидаты аясында өткен акция табиғатты аялауға үндейтін маңызды бастама болды.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ