Құрылтай депутаттарын сайлау – қоғам өміріндегі маңызды саяси науқан. Бұл – азаматтардың ел дамуына бейжай қарамай, өз таңдауы арқылы қоғамдық үдерістерге белсенді қатысатынын айқындайтын жауапты қадам. Әрбір дауыс – халықтың сенімін ақтайтын, ел мүддесін қорғайтын лайықты өкілді таңдауға берілген мүмкіндік.
Құрылтай депутаттары қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың ұсыныс-пікірін ортақ талқылауға шығарып, олардың шешімін табуға ықпал етеді. Сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтуға, ел бірлігін сақтауға және түрлі саладағы игі бастамалардың жүзеге асуына үлес қосады.
Сайлаудың ашық, әділ әрі заң талаптарына сәйкес өтуі – демократиялық қағидаттардың берік орнығуының көрінісі. Мұндай үдеріс азаматтардың сайлау жүйесіне деген сенімін арттырып қана қоймай, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетінің қалыптасуына да оң әсер етеді. Сондықтан әрбір сайлаушының белсенділігі мен саналы таңдауы – елдің тұрақты дамуы мен өркендеуінің маңызды алғышарттарының бірі.
Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің бүгіні мен ертеңіне жауапкершілікпен қарайтын әрбір азаматтың ортақ іске қосқан үлесі. Бірлікке, өзара сенімге және ортақ мақсатқа негізделген бұл маңызды саяси науқан қоғамның дамуына тың серпін беріп, елдің жарқын болашағына қызмет етеді.
Индира ҰЗАҚ

