Перейти к содержимому
Главная страница » Зорлық-зомбылыққа үнсіздік танытпаңыз

Зорлық-зомбылыққа үнсіздік танытпаңыз

Отбасы – әр адамның қорғаны әрі тыныштығы болуы тиіс. Алайда кейбір отбасыларда кездесетін зорлық-зомбылық адам өмірі мен денсаулығына ғана емес, оның психологиялық жағдайына да ауыр зардап әкеледі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық физикалық күш қолданумен ғана шектелмейді. Психологиялық қысым көрсету, қорқыту, экономикалық тәуелділікке мәжбүрлеу де заң бойынша құқық бұзушылық болып саналады. Осындай жағдайға тап болған азаматтар көмек сұраудан қорықпауы керек.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жәбірленушілерге құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету шаралары күшейтілуде. Дағдарыс орталықтары, сенім телефондары және құқық қорғау органдары қажетті көмекті ұсынады.

Зорлық-зомбылыққа төзбеу – өркениетті қоғамның белгісі. Егер мұндай жағдайға куә болсаңыз немесе өзіңіз жәбір көрсеңіз, үнсіз қалмай, тиісті мекемелерге жүгіну маңызды.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ