Перейти к содержимому
Главная страница » Есірткі өмірге ғана емес, болашаққа балта шабады

Есірткі өмірге ғана емес, болашаққа балта шабады

Есірткіге қарсы күрес – қоғамның қауіпсіздігі мен ұлт денсаулығын сақтаудағы маңызды бағыттардың бірі.Әсіресе жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі кезде заңсыз есірткі саудасы интернет пен әлеуметтік желілер арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Жеңіл табысқа қызығып, есірткі тасымалдауға немесе жарнамалауға келіскен азаматтар ауыр қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Білім беру ұйымдарында түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, ата-аналардың бақылауы және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру зиянды әдеттердің алдын алуға көмектеседі.
Әрбір жас өз денсаулығы мен болашағы үшін жауапты екенін ұмытпауы керек. Салауатты өмір салтын таңдау – ең дұрыс шешім.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ