Алкогольді шамадан тыс пайдалану адамның денсаулығына ғана емес, отбасы берекесіне және қоғамдық қауіпсіздікке де кері әсер етеді. Мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғаларының салдары ауыр болуы мүмкін.
Ішімдікке тәуелділіктің алдын алу ең алдымен салауатты өмір салтын насихаттаудан басталады. Спортпен айналысу, мәдени және қоғамдық шараларға қатысу адамның бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
Отбасы мүшелерінің қолдауы мен жақындарының қамқорлығы да зиянды әдеттен арылуға үлкен ықпал етеді. Қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгінген дұрыс.
Дені сау қоғам – жауапты таңдау жасаған азаматтардан құралады. Сондықтан әр адам өз өміріне ғана емес, айналасындағылардың қауіпсіздігіне де жауапкершілікпен қарауы қажет.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

