Перейти к содержимому
Главная страница » Күмәнді сілтемелерге өтпе!

Күмәнді сілтемелерге өтпе!

Цифрлық технологиялардың дамуы интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттердің көбеюіне әсер етуде. Сондықтан жеке мәліметтерді қорғауға ерекше көңіл бөлу қажет. Банк картасының нөмірі мен құпия кодтарын бөгде адамдарға айтуға болмайды. Күмәнді сілтемелерге өтіп, белгісіз қосымшаларды жүктеу де қауіпті. Жеңіл әрі тез табыс уәде ететін қаржы пирамидаларына сенуге болмайды. Қаржылық шешім қабылдамас бұрын ақпараттың шынайылығын тексерген дұрыс. Екі факторлы қорғаныс аккаунттардың қауіпсіздігін күшейтеді. Интернеттегі сақтық қаржылық шығыннан қорғайды. Цифрлық сауаттылықты арттыру – заман талабы. Қырағылық пен сақтық интернет-алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді жолы.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ