Есірткінің заңсыз айналымы қоғам үшін аса қауіпті қылмыстардың бірі болып саналады. Бұл бағытта құқық қорғау органдары жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. Білім беру ұйымдарында профилактикалық кездесулер ұйымдастырылып келеді. Есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстары оның таралуын азайтуға ықпал етеді. Ата-аналардың балаларына көңіл бөліп, бос уақытын бақылауы маңызды. Күмәнді жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына хабарлау азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Еріктілер мен қоғамдық ұйымдар да алдын алу шараларына белсенді қатысуда. Денсаулығы мықты ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі. Сондықтан есірткіге қарсы күрес барша қоғамның ортақ ісі болып қала береді.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

