Жол қозғалысы қауіпсіздігі – адам өмірін сақтаудың маңызды кепілі. Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы тиіс. Жылдамдықты шектен асыру қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Жаяу жүргіншілер арнайы өткелдерді пайдалануы қажет. Көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тағу міндетті талаптардың бірі. Балаларды арнайы орындыққа отырғызу олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мас күйде көлік жүргізуге заңмен тыйым салынған. Жол-патрульдік полиция профилактикалық іс-шараларды тұрақты өткізеді. Жолдағы тәртіп әрбір қозғалысқа қатысушының жауапкершілігіне байланысты. Ережені сақтау арқылы адам өмірі мен денсаулығын қорғауға болады.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

