Перейти к содержимому
Главная страница » Қаржылық сауаттылық – үлкен қорған

Қаржылық сауаттылық – үлкен қорған


Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлері күн санап көбейіп келеді. Қылмыскерлер азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі айла-тәсілдер арқылы олардың қаражатын заңсыз иемденуге тырысады. Осындай жағдайлардың алдын алуда қаржылық сауаттылықтың маңызы ерекше. Көп жағдайда алаяқтар адамдарды асықтырып шешім қабылдатуға тырысады. Олар телефон арқылы өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, жеке деректерді немесе банк картасына қатысты мәліметтерді сұрайды. Мұндай жағдайда сабыр сақтап, ақпараттың дұрыстығын ресми арналар арқылы тексеру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс», «жоғары пайыздық кіріс» немесе «бір күнде ақша көбейту» сияқты ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн. Заңды қаржы ұйымдары ешқашан қысқа мерзімде кепілдендірілген жоғары табысқа уәде бермейді. Сондықтан кез келген инвестициялық ұсынысты жан-жақты зерттеп барып шешім қабылдау маңызды.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды интернет алаяқтықтан сақтандыру бағытында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда жеке қаражаттың қауіпсіздігі ең алдымен әр азаматтың өзіне байланысты. Қаржылық сауаты жоғары адам алаяқтардың арбауына түспейді. Қырағылық танытып, жеке мәліметтерді құпия сақтау және күмәнді ұсыныстардан бас тарту арқылы әркім өз қаражатын сенімді қорғай алады. СӘБИТОВ Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың түрлері күн санап көбейіп келеді. Қылмыскерлер азаматтардың сеніміне кіріп, түрлі айла-тәсілдер арқылы олардың қаражатын заңсыз иемденуге тырысады. Осындай жағдайлардың алдын алуда қаржылық сауаттылықтың маңызы ерекше. Көп жағдайда алаяқтар адамдарды асықтырып шешім қабылдатуға тырысады. Олар телефон арқылы өзін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, жеке деректерді немесе банк картасына қатысты мәліметтерді сұрайды. Мұндай жағдайда сабыр сақтап, ақпараттың дұрыстығын ресми арналар арқылы тексеру қажет. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс», «жоғары пайыздық кіріс» немесе «бір күнде ақша көбейту» сияқты ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн. Заңды қаржы ұйымдары ешқашан қысқа мерзімде кепілдендірілген жоғары табысқа уәде бермейді. Сондықтан кез келген инвестициялық ұсынысты жан-жақты зерттеп барып шешім қабылдау маңызды. Құқық қорғау органдары тұрғындарды интернет алаяқтықтан сақтандыру бағытында тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда жеке қаражаттың қауіпсіздігі ең алдымен әр азаматтың өзіне байланысты. Қаржылық сауаты жоғары адам алаяқтардың арбауына түспейді. Қырағылық танытып, жеке мәліметтерді құпия сақтау және күмәнді ұсыныстардан бас тарту арқылы әркім өз қаражатын сенімді қорғай алады.

Құралбек СӘБИТОВ