Перейти к содержимому
Главная страница » Сақтық – мүлікті қорғаудың ең тиімді жолы

Сақтық – мүлікті қорғаудың ең тиімді жолы

Әрбір азамат үшін жеке мүліктің қауіпсіздігі маңызды. Дегенмен, ұрлық пен алаяқтық фактілері көбіне қарапайым сақтық шараларының сақталмауынан орын алып жатады. Сондықтан мүлікті қорғау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әр адамның өз жауапкершілігін талап ететін мәселе.

Мүліктік қылмыстардың алдын алудың ең тиімді жолы – қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау. Үйден шығарда есік-терезенің мұқият жабылғанына көз жеткізу, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау, көлікті күзетілетін орындарға қою, бейнебақылау немесе дабыл жүйелерін пайдалану – қылмыстың алдын алуға көмектесетін маңызды шаралар. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде ұзақ уақытқа үйден кететініңіз туралы ақпарат жариялаудан сақ болған жөн.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады. Күдікті адамдарды немесе күмәнді әрекеттерді байқасаңыз, бұл туралы дереу тиісті қызметтерге хабарлаған дұрыс. Азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігі құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

Мүлікті қорғау – өз қауіпсіздігіңізге деген жауапкершіліктің бір көрінісі. Қарапайым сақтық шараларын күнделікті өмірде әдетке айналдыру арқылы өзіңізді де, жақындарыңызды да материалдық шығыннан сақтай аласыз. Қауіпсіздікке бейжай қарамау – тыныш өмірдің кепілі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ