Құрылтай – елдің өзекті мәселелерін талқылап, қоғамның пікірін тоғыстыратын маңызды алаң. Онда халықтың ұсыныс-пікірлері, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім, мәдениет, жастар саясаты және өңірлердің өркендеуіне қатысты ауқымды бастамалар шешімін табатыны сөзсіз.
Құрылтай көтерілген маңызды мәселелерді заңнамалық деңгейде жетілдіруге және ел игілігіне бағытталған реформаларды жүзеге асыруға үлес қоспақ. Халық үніне құлақ асу арқылы қоғам сұранысына сай шешімдер қабылданып, егемен еліміздің әлеуеті жақсарып, экономикасының артуына негіз болмақ. Сол жолда бірлік пен жауапкершілік таныту арқылы мемлекеттің тұрақты дамуы жүзеге аспақ.
Олжас МАМЫРҚҰЛОВ

