Интернетті пайдалану барысында жеке деректердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлген жөн. Алаяқтар түрлі тәсілдер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, қаржысын иемденуге тырысады. Сондықтан күмәнді сілтемелерге өтпеу, банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу және күрделі құпиясөздерді қолдану қажет. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексерген дұрыс. Егер күмәнді әрекет байқалса, тиісті мекемелерге дереу хабарлаған жөн. Сандық сауаттылықты арттыру әр азаматтың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

