Қазіргі таңда интернет күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Дегенмен, цифрлық кеңістікте алаяқтардың арбауына түсу қаупі де артып келеді. Сондықтан жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін және құпиясөздерді бөгде адамдарға бермеу қажет. Күмәнді сілтемелерге өтуден сақ болып, ақпараттың шынайылығын тек ресми дереккөздер арқылы тексерген дұрыс. Егер күмәнді әрекеттер байқалса, тиісті мекемелерге хабарлау маңызды. Сандық сауаттылық – қауіпсіз интернет пайдаланудың басты кепілі.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

