Қоғамның рухани дамуы мен тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі әрдайым маңызды болып қала береді. Осы тұрғыдан алғанда Құрылтай – елдің болашағына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қоғам пікірін тоғыстыратын маңызды алаң.
Бүгінде жаһандану үдерісі мәдени мұраны сақтап қана қоймай, оны заман талабына сай жаңғыртуды қажет етеді. Тарихи құндылықтарды жас ұрпаққа түсінікті әрі тартымды форматта насихаттау – мәдениет саласының басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта музейлер мен тарихи-мәдени орталықтардың атқаратын рөлі ерекше. Олар өткен мен бүгінді жалғап, өскелең ұрпақтың туған жер тарихына қызығушылығын арттыруға, мәдени мұраға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
Құрылтайда мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жас ұрпақ тәрбиесі, тарихи сананы нығайту және мәдениетті дамыту мәселелерінің тұрақты көтерілуі қоғам үшін маңызды. Мұндай бастамалар елдің рухани әлеуетін арттырып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге жол ашады.
Құрылтайдың басты ерекшелігі – түрлі пікірлердің ортақ мақсат жолында тоғысуына мүмкіндік беруінде. Ашық диалог пен сындарлы ұсыныстар қоғамның дамуына тың серпін береді. Тарихи мұраға жанашырлық пен мәдени құндылықтарды сақтау – келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік.
Шарбану ҚАЛИЕВА,
ҚР Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы директоры.

