Перейти к содержимому
Главная страница » Тәртіп тыныштықтың тұғыры

Тәртіп тыныштықтың тұғыры

       Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың алаңсыз өмір сүруі ең алдымен қоғамдық тәртіптің сақталуына байланысты. Заң талаптарын орындау – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Қоғамдық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының қызметімен шектелмейді. Әр тұрғынның айналасындағылардың құқығына құрметпен қарауы, қоғамдық орындардағы белгіленген талаптарды орындауы және құқық бұзушылыққа бейжай қарамауы маңызды.

        Тәртіпсіздікке немқұрайлы қарау кей жағдайда үлкен мәселеге әкелуі мүмкін. Сондықтан кез келген күмәнді жағдайға дер кезінде назар аударып, тиісті органдарға хабарлау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Құқық қорғау органдары халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын да жүргізіп келеді. Тұрғындармен кездесулер өткізіліп, заң талаптары түсіндірілуде.

Қауіпсіздік – бір күндік науқан емес, күнделікті қалыптасатын қоғамдық мәдениет. Әр азамат тәртіпке өз үлесін қосқан кезде ғана ел ішінде тыныштық пен тұрақтылық орнығады.

Құралбек СӘБИТОВ