Перейти к содержимому
Главная страница » Зиянды әдет үлкен зардап бастауы

Зиянды әдет үлкен зардап бастауы

     Қоғамның саулығы азаматтардың өмір салтына тікелей байланысты. Зиянды әдеттерден арылып, пайдалы іске ұмтылу адамның жеке өміріне ғана емес, қоғамдық ортаға да оң әсер етеді. Бос уақытты қалай өткізу – адамның күнделікті таңдауы. Спортпен айналысу, кітап оқу, шығармашылықпен шұғылдану немесе қоғамдық бастамаларға қатысу адамның өміріне жаңа бағыт береді.

      Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау ерекше маңызды. Өйткені дұрыс қалыптасқан әдет кейін адамның бүкіл өмір салтына айналады. Алкогольді шамадан тыс тұтынудың салдары отбасылық жанжалдан бастап қоғамдық тәртіптің бұзылуына дейін түрлі мәселеге себеп болуы мүмкін. Сондықтан оның алдын алу тек түсіндірумен шектелмей, адамның бос уақытын тиімді ұйымдастырумен де қатар жүруі қажет. Салауатты қоғам өздігінен қалыптаспайды. Ол денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын, еңбекті бағалайтын және болашағын дұрыс жоспарлайтын азаматтардың әрекеті арқылы құрылады. Заң мен тәртіп те осындай жауапты қоғамнан басталады.

Құралбек СӘБИТОВ