Перейти к содержимому
Главная страница » Жаяу жүргінші де жауапты

Жаяу жүргінші де жауапты

Жол қозғалысының қауіпсіздігі жүргізуші мен жаяу жүргіншінің өзара жауапкершілігіне байланысты. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту немесе бағдаршам талабын елемеу күтпеген жағдайға әкелуі мүмкін. Жаяу жүргіншілер әсіресе көлік көп жүретін көшелерде мұқият болғаны жөн. Құлаққаппен немесе телефонға алаңдап жолдан өту адамның назарын төмендетіп, қауіп тудыруы ықтимал. Балаларға жол қауіпсіздігі ережелерін үйрету де ата-ананың маңызды міндеті. Ересектердің өздері жол тәртібін сақтауы балаға көрсетілетін ең жақсы үлгі.
Құқық қорғау органдары жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Бірақ қауіпсіздік мәдениеті әр адамның жеке тәртібінен қалыптасады. Жолда бір-біріне жол беру, асықпай әрекет ету және белгіленген талаптарды орындау – қарапайым ғана әдеттер. Алайда осы әдеттер адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.


Құралбек СӘБИТОВ