Перейти к содержимому
Главная страница » Жолдағы жауапкершілік – жүргізуші мәдениеті

Жолдағы жауапкершілік – жүргізуші мәдениеті

     Көлік жүргізу – тек техниканы басқару емес, үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Жүргізушінің әрбір әрекеті өз өміріне ғана емес, жолдағы басқа адамдардың қауіпсіздігіне де әсер етеді. Жолда асықпау, көлік арақашықтығын сақтау және жол жағдайына қарай жылдамдықты дұрыс таңдау – қауіпсіздіктің негізгі талаптары. Бір сәттік немқұрайдылық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Жүргізушінің назарын жолдан бөлетін кез келген әрекет қауіпті. Телефонға алаңдау, шаршаған күйде көлік басқару немесе жол белгілерін елемеу қауіптің туындауына себеп болады.

      Жол қозғалысы мәдениеті тек жазадан қорқудан қалыптаспайды. Ол адам өміріне деген құрметтен басталады. Әрбір жүргізуші рөлге отырған кезде өз жауапкершілігін сезінсе, жолдағы тәртіп те нығая түседі. Қауіпсіздік ережесі – кедергі емес, адам өмірін қорғаудың кепілі.

Құралбек СӘБИТОВ