2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды үдерістердің бірі. Сайлау арқылы азаматтар өз таңдауын білдіріп, қоғамның дамуына үлес қосатын өкілдерді таңдауға мүмкіндік алады.
Қоғамның тұрақты дамуы азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Әрбір сайлаушының дауысы – елдің болашағына деген көзқарасын білдіретін маңызды таңдау. Сондықтан сайлауға қатысу – азаматтың конституциялық құқығын жүзеге асыру ғана емес, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін таныту.
Құрылтайдың негізгі міндеттерінің бірі – қоғам үшін өзекті мәселелерді талқылап, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қатысты ұсыныстарды қалыптастыру. Бұл ретте балалардың құқықтарын қорғау, білім беру сапасын арттыру, әлеуметтік қолдау, заң мен тәртіпті сақтау, отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ өңірлердің дамуы секілді маңызды бағыттар назардан тыс қалмауы тиіс.
Бүгінде ел болашағын айқындауда халықтың пікірін ескеру, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау айрықша мәнге ие. Өйткені мемлекеттің дамуы қабылданатын шешімдерге ғана емес, сол үдерістерге қоғамның қаншалықты белсенді қатысатынына да байланысты.
23 тамыздағы сайлау – әр азаматқа өз таңдауын білдіріп, ел өміріне араласуға берілген мүмкіндік. Сондықтан сайлауға саналы түрде қатысып, азаматтық ұстанымды таныту – жауапты әрі белсенді қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.
Азаматтық ұстаным, өзара құрмет және ел болашағына деген ортақ жауапкершілік – тұрақты әрі әділетті қоғам құрудың берік негізі.
Даяна РАХАТҚЫЗЫ,
Алматы облысы Балалар құқықтарын қорғау басқармасының статист маманы

