Перейти к содержимому
Главная страница » Интернеттегі қауіптен сақ болайық

Интернеттегі қауіптен сақ болайық

Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың күнделікті өмірін жеңілдеткенімен, интернет кеңістігінде жаңа қауіптердің пайда болуына да себеп болды. Соның ішінде интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидалары азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді.

Алаяқтар көбіне банк қызметкері, құқық қорғау органы немесе белгілі бір ұйымның өкілі ретінде танысып, адамның сеніміне кіруге тырысады. Кей жағдайда әлеуметтік желілердегі жалған инвестициялық жобалар мен «оңай табыс» ұсынатын қаржы пирамидалары да адамдарды алдауға бағытталады.

Сондықтан кез келген қаржылық ұсынысты мұқият тексеру, күмәнді сілтемелерге өтпеу, SMS-кодтарды, банк картасының мәліметтерін және құпия ақпаратты бөгде адамға бермеу қажет. Қаржылық сауаттылықты арттыру – интернеттегі қылмыстың алдын алудың маңызды тетігі.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ