Бота Серікқызы Елеусізова Ұйғыр ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен Бота Серікқызы Елеусізова Алматы облысы Ұйғыр ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.
Бота Серікқызы 1975 жылы 16 қаңтарда Алматы облысының Кеген ауданында дүниеге келген.
Жоғары білімді – Мемлекеттік қазақ ауыл шаруашылығы институты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын тәмамдаған.
Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, бас маманы, Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары, Түрген ауылдық округінің әкімі, Кеген ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, 2022 жылдан бастап Алматы облысының ішкі саясат басқармасын басқарды.